Kyzylorda-news.kz  Мемлекет тарапынан халықтың әл-ауқатын арттыру және кәсіпкерлікті дамыту мақсатында түрлі бағдарламалар жүзеге асырылуда. Солардың бірі – ұлттық жоба аясында ұсынылатын қайтарымсыз мемлекеттік грант. Бұл қолдау әсіресе көпбалалы аналар мен әлеуметтік осал топ өкілдері үшін үлкен мүмкіндікке айналып отыр.

Көпбалалы ана қарап отырмай, мемлекеттік қолдаудың арқасында өз кәсібін бастады. Сырдария ауданының тұрғыны Лаура Өмірзақова қайтарымсыз мемлекеттік грант ұтып алып, шағын кондитерлік цех ашты. Бүгінде ол өз үйінен тәтті өнімдер дайындап, отбасылық кәсіпті табысты жүргізіп отыр. Бұл бастама – еңбекқорлық пен мемлекеттің нақты қолдауының нәтижесі.

Шіркейлі ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Лаура Өмірзақова бөлінген қаражатқа шағын кондитерлік цех ашуға қажетті құрал-жабдықтар сатып алды. Қазіргі таңда ол өз үйінде отбасылық шағын кәсіпті дөңгелетіп отыр.

Кәсіпкердің айтуынша, мемлекеттік қолдау оның өз мүмкіндігін ашып, сүйікті ісін табыс көзіне айналдыруына жол ашқан. Бұл – қарап отырмай, еңбектенген жанға көрсетілген нақты көмектің жарқын үлгісі.

– Бүгінде кәсіп бастаймын немесе кәсібімді кеңейтемін деген жандарға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілуде. Қайтарымсыз мемлекеттік грант – соның айқын дәлелі. Бұл қаржылық мүмкіндігі шектеулі немесе белгілі бір санатқа жататын азаматтар үшін үлкен көмек. Өз қолымнан келетін істі осы қолдаудың арқасында бастағаныма өте қуаныштымын, – дейді жас кәсіпкер Лаура Өмірзақова.

Тағы да оқыңыз: