Kyzylorda-news.kz Бүгінгі таңда кәсіпкерлікпен айналасатындар қатары көп. Себебі кәсіп ашып, жұмыс істегісі келетіндерге жағдай жасалған. Бастысы “мен жұмыс істеймін” деген ынта болса болғаны. Біздің өңірдің өзіңде екі қолға бір күрек алып, кәсіпкерлікпен айналысатындар жетерлік. Солардың қатарында, Айдана Исраилова да бар.

Ол мемлекет тарапынан берілетін 5 млн теңге қайтарымсыз грант алған. Бұл дегеніңіз, кәсіпті бастап қана қоймай, оған керек-ті құрылғылардың барлығын алып, істі әрі қарай дөңгелетуге берілген үлкен мүмкіндік. Сонымен қатар NEET санатындағыларды азайтудың бірден-бір жолы. Біздің кейіпкеріміз де бұған өз үлесін қосуда. Себебі ол бүгінде 5 адамды жұмыспен қамтып отыр.

   – Мен кәсіп бастарда көп ойландым. Қазіргі таңда кәсіп көп. Дегенмен  өзгенікін қайталамауды жөн санадым. Өзіңіз де білесіз, қазіргі таңда барлық ана баласына жөргек пайдаланады. Дүкенге бара қалсаңыз, оның кез келген түрі бар. Дегенмен ол балаға қалай әсер ететінін білмейміз. Сондықтан да мен осы мәселені қолға алып, зерттедім. Бастысы – баланың денсаулығына әсер етпейтіндей кәсіп бастауды жөн санадым. Бүгінде бұл кәсіпке сұраныс артуда. Мен өзім ашқан кәсіп арқылы 5 адамды жұмыспен қамтыдым. Болашақта жұмыс күшін көбейту ойда бар. Егер кәсіп әрі қарай жанданса, алда жасау керек жоспарлар көп. Бұйырса, жақсы жаңалықты сіздермен бөлісетін боламын, – дейді Айдана Исраилова  дейді.

   Кәсіпкер мемлекет тарапынан берілген қаржыға «eco_hanym» брендімен қайта пайдалануға болатын жөргектер шығару инновациялық жобасын жүзеге асырды. Бұл кәсіптің ерекшелігі –жөргек отқа жанбайды, оңайлықпен шірімейді.

– Қайта пайдалануға болатын жөргектің сырты су өткізбейтін материалдан, іші мақтадан тігілген. Өлшем түймелердің көмегімен ені мен ұзындығы бойынша оңай реттеледі. Қайта пайдалануға болатын матадан жасалған жөргектерді пайдалану полигонға жіберілетін қалдықтарды азайтады. Бұл қоршаған ортаның ластануына әкелуі мүмкін қалдықтардың үлкен мөлшері. Жөргектердің эскизін өзіміз саламыз, содан кейін арнайы жабдықпен тігеміз. Өнімнің бағасы –  3300 теңгені құрайды, – деді кәсіпкер.

                                                                  Камилла САҒЫНДЫҚОВА,

                                  Қорқыт ата атындағы Қызылорда

университетінің

                                                                                                                                    ІІ курс студенті

Тағы да оқыңыз: