Kyzylorda-news.kz Қызылордада кір жуғыш ұнтақ шығарылады. Жеке кәсіпкер Дәулет Ізбасарұлы 2021 жылы “Бизнестің жол картасы - 2025” мемлекеттік бағдарламасы аясындағы грантқа қатысып, “Ақниет” атты кір жуғыш ұнтағын шығарған. Кәсіпкер кір жуғыш ұнтаққа қолданатын шикі затты Ресей мен Қытайдан алдырады. Цехта одан бөлек сабын да шығарылады.
- Сұраныс көп. Өнімдерімізді қаладан бөлек, Ұлытау, Қарағанды, Астана қалаларына жібереміз. Біздің өнім киімді жақсы тазартып қана қоймай, ерекше хош иіс береді. Сабынның да теріге зияны жоқ. Бізде күніне сабынның грамына қарай үш түрін 1000 данадан жасаса, ұнтақтан 80 келі шығарады. Алдағы уақытта жұмысшы санын арттыруды көздеп отырмыз,- деді Дәулет Ізбасарұлы.