Kyzylorda-news.kz  Сенбі күні «SevenBro» коворкинг орталығында «BORT(D)A» жаңа бизнес клубының ашылу сатанаты өтті. Меркелік шарада Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздық алғы сөз сөйлеп, жаңа бизнес ортасына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, лента қию рәсіміне Палата директорының орынбасары Дәурен Сейтжанов, Палата аясындағы «Іскер әйелдер кеңесінің» төрайымы Наталья Мишукова қатысты. Бұл туралы Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады. 

Айта кетейік, Жуырда Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен өңір кәсіпкерлеріне Астана қаласынан арнайы шақыртылған бизнес тренер Арман Ақбердиев «Электронды сауда негіздері және маркетплейстер» тақырыбында оқыту өткізген. Екі күн қатарынан тренингке белсене қатысқан бизнес өкілдері өздеріне пайдалы кейстер алып қана қоймай, барлығы топтасып «Бизнес клуб» құруды шешті. Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы идеяны қолдап, көп ұзатпай жас кәсіпкерлерден құрылған жаңа Бизнес Орта-Бизнес Орда «BORT(D)A» клубы құрылды. Клуб жетекшісі болып бірауыздан жас кәсіпкер Мұрат Аманқұлов тағайындалды.

Лента қию рәсімінен соң спикер, клубтың белсенді мүшесі Гүлзира Шалбаева өзінің бизнеске келу жолы мен ондағы кездескен кедергілер жөнінде айтып берді. Гүлзира ханым осы клубтың ашылуын алғашқылардың бірі болып қолдаған және өзінің спонсорлық көмегін де ұсынған жан. Әрі қарай, кәсіпкер, клуб мүшесі Бауржан Төлетай қаржылық сауаттылықтың кейстерімен бөлісті. Сондай-ақ көршілес Ресей елінде өз бизнесін дөңгелетіп отырған жерлесіміз бизнес-психолог, коуч Дарья Пушкарская видео байланыс арқылы кадр мәселелері, қызметкерлерді жұмысқа алу мен олардың жұмысын ұйымдастыру аясында пайдалы ақпараттар айтты.

Жалпы қазіргі таңда клуб мүшелігінде 30-ға жуық кәсіпкер бар, дегенмен қосыламын деушілерге әрқашан есік ашық. Клуб мақсаты жас, әрі креативті бизнес орта өкілдерінің бір-бірімен тәжірибе алмасып, ақыл-кеңестеріне жүгінуіне ықпал жасау. Сонымен бірге өңіріміздің дамуы үшін ортақ идеялар мен жаңашылдықтарды бірлесе отырып атқару мүмкіндігін арттыру болып табылады. Әсіресе, кәсібін жаңадан бастап келе жатқандар үшін бұл ортаның пайдасы мол болмақ. 

Тағы да оқыңыз: