Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық кәсіпкер мемлекеттің қолдауымен жайма қақ өндірісін жолға қойды. «Жан-Ұя» цехында түшпара, орама, кеспе, штрули, жайма және басқа да өнімдер дайындалады.

Жанар Кенжеғұлова цехта жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында, сондай-ақ қамыр өндіруге арналған жабдықтар сатып алу үшін «Банк ЦентрКредиттен» АҚ несие алып, «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында субсидиялау түрінде «Даму» Қорының қолдауын алды.

Кәсіпкер қаладағы Magnum, Cash&Carry секілді ірі дүкендерін қамтамасыз етуде. Кәсіпорын өнімі жергілікті тұрғындарға қолжетімді бағада «Жан-Ұя» сауда маркасымен сатылуда.

Фото: Қалалық кәсіпкерлік бөлімі

Тағы да оқыңыз: