Kyzylorda-news.kz Ресми деректер бойынша, Қазақстандағы аяқ киімнің 96,7 пайызы шет елден тасымалданады. Нақты айтар болсақ, аяқ киімнің 60 пайызы Қытайдан, 20 пайызы Түркиядан, 10 пайызы Ресейден, 7 пайызы басқа елдерден келеді екен. Дәл бүгінгі таңда Қазақстан нарығындағы отандық аяқ киімнің үлесі 4 пайызға да жетпейді. Әр қазақстандық төрт маусымда бір аяқ киімнен сатып алғанның өзінде жылына кемінде 72 млн жұп аяқ киім қажет. Ал Қазақстандағы аяқ киім тігетін фабриканың саны 25-тен аспайды. 

Отандық аяқ киімнің 90 пайызы Алматы, Шымкент қалалары мен Жамбыл облысына тиесілі. Айталық, жылына «Жетiсу» – 570 мың, «Казлегпром-Алматы» – 500 мың, «ТаразКожОбувь» – 500 мың, «Семей аяқ киім фабрикасы» – 100 мың, «Lux Shoes» – 120 мың жұп аяқ киім тігеді екен.  Бұл саланы кәсіп көзіне айналдырған зауыт-фабрикалар елімізде жоқ емес, бар. Қызылорда қаласында отандық өнім өндірушілердің саны күн санап артып келеді. Соның ішінде аяқ киім өндірісін қолға алған кәсіп иесі де бар. 

Сапалы тері өнімдерінен түрлі аяқ киімдер жасап, көпшілікке ұсына бастаған «Shoes service» шеберханасы өз жұмысын 2017 жылы бастаған. 

- Аяқ киім жасауға тігін машинасын, станоктарды пайдаланамыз. Арнайы қалыптарымыз бар. Аяқ киімдер тек таза былғарыдан тігіледі. Дизайны, үлгісі тапсырысқа қарай дайындалады. Ал, күнделікті киетін аяқ киімдер ерлер мен әйелдерге және балаларға арналып тігіледі. Бұдан бөлек, аяқ киімдерді тазалау және қалпына келтіру сынды жұмыстарды да атқарамыз, - деді шебер Айдос Үмбетов. 

Былғары - сәнді, функционалды немесе екеуі де болуы мүмкін супер әмбебап және берік материал! Бірақ былғарыдағы жарықтар олардың сыртқы түрін бұзып, жыртылуы мен жыртылуына әкелуі мүмкін. Былғары табиғи материал болғандықтан, егер ол ыстыққа ұшыраса немесе дұрыс күтім жасалмаса, ол құрғап, жарылып кетуі мүмкін.

Шебер бұл кәсіпті 2010 жылдан бастап игерген. Қазір шеберхана әр түрлі мезгілге арналған аяқ киімдер топтамасын тігіп, тұтынушыларға ұсынып отыр. 

 

Қорлан САРЫ
Фото: aqmeshit-zhastary.kz

Тағы да оқыңыз: