Ақсуат ауылдық округінің тұрғыны Сәрсенкүл Аралбаева «АҚСУАТ» атауымен шұлық шығаратын цехты іске қосты. 
Кәсіпкер «Ауыл аманаты» жобасымен 5 млн. теңге жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп, сол қаржыға соңғы үлгідегі шұлық дайындайтын құрылғы сатып алған.
Кәсіпорын жыл мезгілдеріне арналған шұлықтың түр-түрін дайындап, сатылымға шығара бастады. Өнімге қажетті шикізат шет мемлекеттен тапсырыспен жеткізіледі. Цех әзірге күніне 300 дана шұлық әзірлеуде.

Тағы да оқыңыз: