Kyzylorda-news.kz Қызылордалық қыз-келіншектерге арналған «Level Up» білім бағдарламасына өтінім қабылдау басталды. 

Level Up − бұл STEAM (science, tech, engineering, art, math) бағыттары бойынша қыздарды қолдауға арналған Біріккен ұлттар ұйымы, Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілдігі бағдарламасы аясында GameLab KBTU оқытушылары әзірлеген бағдарлама. Қатысушылар ойын дизайнЫ, әзірлеу және геймификация негізінде басты дағдыларға ие болады және нөлден бастап өз ойындарын жасауды үйренеді.

Бағдарлама Kyzylorda Hub бизнес-инкубаторында орналасқан GameDev орталықтарында өтеді.

Бұл бағдарламада:

- Бейне ойын индустриясына шолу, ойындарды дамытудағы процестер мен рөлдер;

- Ойын дизайны негіздері, күрделі ойындар мен геймификация, ойын қозғалтқыштары;

- Толықтырылған және виртуалды шындық құру;

- Midjourney және Chat GPT қолданбаларында бейне ойындар жасауға қатысты дағдылар үйретіледі. Өтінім беру 10 маусымға дейін жалғасады.

Айта кетейік,  Қызылорда өңірлік хабында ресми түрде «GameDev» орталығы ашылды. Онда ойын дамыту әлеміне еніп, шығармашылық идеяларды жүзеге асу мүмкіндігі қарастырылған. Алғашқы іс-шаралар ретінде ұйымдастырушылар орталық негізінде UNICEF және GameLab KBTU қолдауымен Level Up бағдарламасын іске қосуда.

Бұл іс-шара өңірдегі қыз-келіншектерге арналған алғашқы курс емес. Бүгінге дейін бизнес-инкубатор  «She Commerce» бағдарламасын ұйымдастырды. 12 семинардан тұратын тегін курс аясында қызылордалық қыздар «Google workplace» бағдарламасы, «Интернет саудадағы No Code әзірлеу», «Графикалық дизайн» секілді тақырыптар бойынша дағдыларын арттырды. 

«She Commerce» – Қазақстан аумағының барлық өңіріндегі нәзік жандарды ақпараттық технологиясы саласы бойынша оқыту, дағдыларын арттыру, кәсіпкерлікке баулу, түрлі қосымшалар мен маркетплейс әзірлеуге және цифрлық экономиканы үйретуге бағытталған бағдарлама. Тегін курс барысында 18 бен 30 жас аралығындағы жастар қамтылды. 

Сондай-ақ, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Студенттер сарайында «Тechnowomen kyzylorda: keys to succeed» атты аймақтық форум өткенін хабарлаған болатынбыз. Форумды "TechnoWomen" коммерциялық емес ұйымы, кәсіпкерлік пен бизнес-ортаны дамыту жөніндегі USAID жобасы аясында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия және ҚР Ғылым және жоғары білім, өнеркәсіп және құрылыс министрліктері Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетімен бірігіп ұйымдастырды.

Іс-шара әйелдерді технологиялық индустрияларға тартуға, әйел кәсіпкерлерді цифрлық трансформация және электрондық коммерция, сондай-ақ, стартап-қозғалыс мәселелері бойынша ақпараттандыруға бағытталған шабыттандыратын шеберлік сыныптары мен білім беру тренингтерін ұйымдастыру мақсатын  көздейді.

Форумның кіріспе сөзін сөйлеген «TechnoWomen» ұйымының Басқарма төрағасы, «Цифрлық трансформация» қоғамдық қорының негізін қалаушы - Азиза Шужеева:

«Бүгін біз жаңа мүмкіндіктер, жаңа иновациялар мен технологиялар туралы айтатын боламыз. Форумға қатысушы әйелдер қауымына қорықпай іс бастауға, жаңа  идеяларды ортаға қою жолында белсенді болуға шақырамыз» - деді. 

Одан әрі Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Академиялық мәселелер бойынша Басқарма мүшесі – проректор Абдрашева Дана Мейрамқызы форумға қатысушылар мен спикерлерге келгендері үшін рақмет айтып, оқу орнының  IT саласындағы базалық мүмкіндіктерін ауқымды баяндап берді.  

Спикерлер қатарынан орын алған  Сеул Ұлттық Ғылым және технология университетінің профессоры, LUPIC жобасының директоры Джесу Ким жастарға арналған жасанды интеллект туралы ақпарат беріп өтсе, «MacDent» ЖШС IT-компаниясының бас директоры және негізін қалаушы Мақпал Оразқызы табысты стартаптың құру жолдарын түсіндірді.

Өз кезегінде сөз алған Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті әйелдер көшбасшылығы және кәсіпкерлік орталығының басшысы Гүлзира Бекқалиеваның баяндамасы әйелдердің көшбасшылық дағдыларын дамытуға бағытталды.  

Сондай-ақ, «TechnoWomen» ұйымының Басқарма мүшелері Бикеш Құрманғалиева жасанды интеллект саласының болашақ мамандықтарына шолу жүргізсе, Алуа Көрпебаева бизнес бастауға қажетті қадамдарды мысалдармен түсіндірді. Аталмыш ұйымның мүшесі, «FORTENUR CONSULTING» негізін қалаушы-Нұргүл Бексұлтанова қаржылық сауаттылық жайлы кеңес берді.  

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Жасанды интеллект институтының директоры Нұрлан Құлмұрзаев пен Kyzylorda Hub бизнес-инкубаторының басшысы Жанарыс Тубекбаев та спикерлер қатарынан табылып, қызықты да пайдалы ақпараттармен бөлісті.

Форумда танымдық ақпарат, қажетті кеңестермен қатар, қатысушылар арасында сұрақ-жауап ойыны ойнатылып, сыйлық таратылды.

Бұл іс-шара аясында барлық өңір қамтылуда. Мәселен, елордада «TechnoWomen» КЕҰ ұйымдастыруымен «TechnoWomen Central ASIA: AI FUTURE» халықаралық форумы өтті. Форумның басты тақырыбы − жасанды интеллект. Форумда Орталық Азия елдерінде технологиялық тәуелсіздікке және ЖИ қолдануда көшбасшылыққа қол жеткізу бойынша сарапшылардың кәсіби салалық қоғамдастығын қалыптастыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ саланың бүгінгі жай-күйіне баға беріліп және жеке тұлғаның, бизнестің, отбасы мен қоғамның дамуына әсер ететін сын-қатерлері аталды, қазіргі заманғы міндеттерді тиімді шешу үшін технологияларды қолданудың үздік тәжірибелері сараланды.

Халықаралық форумда IT саласында жүрген қыздар білімдері мен тәжірибелерін бөлісіп қана қоймай, бір-бірінен жаңа жобаларды, шешімдерді жүзеге асыруға мотивация ала алады. Шара аясында «TechnoWomen Leaders 2023» байқауының марапаттау рәсімі, «technowomen» мен «sulture Tech» жобаларының тәлімгерлік бағдарламасының тұсаукесері, шеберлік сыныптары өтті. Форум Цифрлық даму және аэрокомика өнеркәсібі министрлігінің, Халықаралық Электр байланысы одағының (МӘС), ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның және т.б. қолдауымен ұйымдастырылған.

Ал Алматыда Satbayev University-де «TechnoWomen» тренингі ұйымдастырылды. Конференцияға 250-ден астам қыз, мектеп оқушылары мен студенттер, стартап-жобалардың негізін қалаушылар мен табысты бизнесвумендер келді.

Ұйымдастырушылардың бірі «Techno Women» коммерциялық емес ұйымы цифрлық әлемде барлық қыздар мен әйелдерге жаңа мүмкіндіктер ашуүшін жұмыс істейді. Techno Women мақсаты – технологиялық индустрияларда жұмыс істейтін қыздар мен әйелдердің санын көбейту, Орталық Азиядағы әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға және прогрессивті әйелдердің жаңа класын қалыптастыруға ықпал ету.

«Techno Women» коммерциялық емес ұйымы 2022 жылғы 6 мамырда «Астана» халықаралық қаржы орталығында тіркелген. TECHNOWOMEN пайымы – қоғамның трансформациясына, гендерлік теңдікті, адал бәсекелестікті ілгерілетуге, озық технологияларды қолдануға, цифрлық мәдениетті дамытуға және жоғары білімді, рухани бай және әлеуметтік жауапты жаңа ұрпақты тәрбиелеуге ықпал ететін Орталық Азиядағы прогрессивті әйелдер қауымдастығының халықаралық желісін дамыту.

Techno Women Миссиясы – цифрлық әлемде барлық қыздар мен әйелдерге жаңа мүмкіндіктер ашу, қоғамның трансформациясына, гендерлік теңдікті, адал бәсекелестікті ілгерілетуге, озық технологияларды қолдануға, цифрлық мәдениетті дамытуға және жоғары білімді, рухани бай және әлеуметтік жауапты жаңа ұрпақты тәрбиелеуге ықпал ететін Орталық Азиядағы прогрессивті әйелдер қауымдастығының Халықаралық желісін дамыту, технологиялық индустрияларда жұмыс істейтін қыздар мен әйелдердің санын көбейту, Орталық Азиядағы әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға және прогрессивті әйелдердің жаңа класын қалыптастыруға ықпал ету. Бұл ұйым технологиялық салаларда жұмыс істейтін әйелдердің кәсіби қауымдастығын дамыту, қыздардың STEAM пәндерін, бағдарламалау, робототехника бойынша білім алуына ықпал ету және ғылыми қызметке тарту, әйелдердің жеке және кәсіби өсуін арттыруға бағытталған бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу және іске асыру, технологиялық салаларда әйелдер start up қозғалысын дамытуға ықпал ету және қазақстандық жобаларды халықаралық деңгейде ілгерілету, әйелдерді цифрлық экономикада өзін-өзі жүзеге асыруға ынталандыру, сондай-ақ ғылым мен озық салаларда қыздар мен әйелдерді ілгерілету үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, ғылым мен технологиялық салаларда гендерлік теңдікке қол жеткізу үшін диалог алаңын құру, технологиялық индустрияларға инвестициялар тарту және Қазақстанда және шетелде әйелдер жобаларын көбейтуге ықпал етуде жұмыс істейді.

«Techno Women» коммерциялық емес ұйымы IT, digital, телеком, жаңа  медиа, Fintech, Edutech, Healthtech, Biotech, Ecotech, Nanotech, Robotics, ғарыш және басқа да жоғары технологиялық салаларда жұмыс істейтін әйелдерді біріктіреді, цифрлық әлемде барлық қыздар мен әйелдерге жаңа мүмкіндіктер ашу, технологиялық индустрияларда жұмыс істейтін қыздар мен әйелдердің санын көбейту, Орталық Азиядағы әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға және прогрессивті әйелдердің жаңа класын қалыптастыруға ықпал етеді.

 

А.Текебай
Фото: Kyzylordа Hub орталығы

Тағы да оқыңыз: