Kyzylorda-news.kz  Қызылорда облысында  CREATIVE ORDA бизнес-клубы ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Бизнес клуб креативті кәсіпкерлер арасындағы тәжірибе алмасу, нетворкингті және отандық брендті қолдау мақсатында ашылған.  Мұнда бизнес өкілдері үшін практикалық жұмыстар мен шеберлік сағаттары өткізілетін болады.

Қазіргі уақытта клубқа 30 кәсіпкер мүше болып тіркелген. Қызылорда облысында жалпы 3467 креативті индустрия субъектісі жұмыс істейді.

Негізгі бағыттары – қолөнер және сәндік-қолданбалы өнер.

фото Мәдениет және ақпарат министрлігі

Тағы да оқыңыз: