Kyzylorda-news.kz Аймақ кәсіпкерлерінің назарына!

Кәсіпкерлік кодексінің 131-1 бабына сәйкес, бақылау және қадағалау органдары жыл сайын қыркүйектің соңғы бейсенбісінде бизнес-қауымдастық алдында есеп береді.

Бақылау және қадағалау органдарының бизнес-қауымдастық алдындағы бірыңғай есебі биыл 26 қыркүйекте өтеді.

Оған – кәсіпкерлік субъектілері, бақылау және қадағалау органдарының өкілдері, мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның, сондай-ақ тиісті аумақтық бірліктің прокуратура органдарының өкілдері қатысады.

Аталған маңызды іс-шараға қатысу үшін тіркеу төмендегі байланыс нөмірлері арқылы жүргізіледі: +7 (7242) 60-54-10 

                                                     «Қызылорда облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» КММ

Фото: pavlodarnews.kz

Тағы да оқыңыз: