Kyzylorda-news.kz Қазалы ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің мәліметіне сүйенсек, Қазалы ауданының географиялық тұрғыдан қолайлы орналасуы аудан көлемінде туризм саласының дамуына мүмкіндік береді.
Аудан бойынша бес республикалық дәрежедегі, 60 жергілікті санат берілген және 22 алдын-ала есепке алынған ескерткіштер бар. Қазалы ауданымыздағы республикалық дәрежедегі ескерткіш санатындағы және туристік дестинация саналатын Өркендеу ауылдық округінде орналасқан «Оғыз» мемлекетінің астанасы болған көне «Жанкент» қалашығы бар. Бұл «Жанкент» қалашығын 2005 жылдан бері, археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп келеді. Ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Археология және этнография» ғылыми орталығының экспедициялық тобы зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
Статистикалық мәліметтер бойынша 2024 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында орналастыру орындарына келген келушілер саны – 1843 адамды құрап, көрсетілген қызмет көлемі – 8,8 миллион теңге болды. Жалпы, ауданымызда статистикалық базасында тіркелген орналастыру орындарының саны – 10 бірлік, ондағы бөлмелер саны – 94 болып саналады, бір уақыттағы толтырымдылығы – 215 төсек-орынды құрайды.
Қазалы ауданы бойынша статистикалық деректерге сәйкес, қаңтар-мамыр айларында туризм саласына тартылған инвестиция көлемі есептілік бойынша – 226,2 миллион теңгені құрады.
Туризм саласын ілгерілету мақсатында жаңа мемлекеттік қолдау шаралары туралы 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап, туризм саласын ілгерілету мақсатында мемлекеттік қолдау шаралары қолданысқа енгізілген болатын. Кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды (СГТ) күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау 83300 теңге болды.
Кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды (СГТ) күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялауға «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік дәлізінің бойында орналасқан «Мирас» кешенінің меңгерушісі К.Кенесбаева атынан құжаттары мен өтінімін тапсырып, 2024 жылға ай сайын субсидия алуға (83 300 теңге) қолдау тапты.
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік дәлізі бойындағы сервистік қызмет көрсету орындары да іске қосылған. Қазалы ауданы аумағынан өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік дәлізінің бойынан кәсіпкерлік қызмет көрсетуге белгіленген бес учаскеде бес нысан пайдалануға берілген. Барлық нысандар заманауи форматта, стандартқа сәйкес жұмыс істеуде. Атап айтқанда, «Арзан Сити – 1» қызмет көрсету кешені. «Арзан Сити 2»қызмет көрсету кешені. «Мирас»қызмет көрсету кешені. «Sinooil» жанар-жағар май бекеті. «TS Қызылорда мұнай өнімдері» жанар-жағар май бекеті.
Сонымен қатар, аудан аумағынан өтетін «Самара-Шымкент» автотрассасының бойынан «Қашқан су» учаскесінде жеке кәсіпкер Б.Ерхатовтың көпсалалы қызмет көрсету «Baqyt» кешені қызмет көрсетеді. Қашқан су учаскесінде маусымдық кезең бойынша жазғы демалыс орны (шомылу, әуесқойлық балық аулау) мен мұз айдыны кіреді.