Kyzylorda-news.kz Қазалы ауданының географиялық тұрғыдан қолайлы орналасуы аудан көлемінде туризм саласының дамуына мүмкіндік береді. Қазіргі таңда, салаға қатысты 2021-2025 жылдарға арналған облыстық даму жоспарына сәйкес, Қазалы аудан бойынша бекітілген нысаналы индикаторлар, «Е-Qonaq» ақпараттық жүйесі, шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелері және саланы ілгерілету мақсатындағы мемлекеттік қолдау шараларына сәйкес жұмыстар жүргізілуде.
2021-2025 жылдарға арналған облыстық даму жоспарына сәйкес бекітілген нысаналы индикаторлары бойынша ішкі туристер санының артуына тоқталсақ, 2024 жылдың 1 қаңтарында Қазалыға келген ішкі туристер саны (резидент) 7919 адамды құрап, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 124,2 пайызды құрады.
Сыртқы туристер санының артуында, статистикалық мәлімет бойынша 2024 жылдың 1 қаңтарына ауданға келген сыртқы туристер саны (резидент еместер) 150 адамды құрап, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 100,0 пайызды құрады.
Нөмірлік қор санын ұлғайтуда, 2024 жылдың 1 қаңтары бойынша ресми статистикалық ақпаратқа сәйкес, аудан бойынша орналастыру орындарында біржолғы сыйымдылық, төсек-орын саны 215 бірлікті құрады.
Салаға салынған инвестицияның өсімін арттыруға байланысты Қазалы ауданы бойынша «Туризм саласында инвестиция көлемін арттыру» нысаналы индикаторы 2024 жылға 2 миллиард теңгеге қолжеткізу межесі бекітілген.
2024 жылға межеленген нысаналы индикаторға қол жеткізу мақсатында қазіргі уақытта туризм саласына тартылатын инвестициялық жобаларға мониторинг жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп, бақылауға алынған. Ағымдағы жылдың наурыз айы бойынша 224,3 миллион теңге инвестициялық есептілігі тапсырылды.
Жеке кәсіпкер Ш.Қуантқанның спорт кешені жобасы, Бекарыстан би ауылындағы спорт кешені құрылысының жобасы, Кәукей ауылындағы типтік жобадағы ауылдық клуб құрылысына қомақты қаражат қаралды.
Сонымен қатар, 2024 жылға аудан бойынша 3 спорт кешені мен 1 типтік жобадағы ауылдық клуб құрылыстары және жеке кәсіпкер тарапынан салынып жатқан спорт кешенін жүзеге асыру жоспарлануда.
Қазалы ауданы бойынша даму жоспарына сәйкес, туризм саласына 2023 жылға 400,0 миллион теңге межесі бекітілген болатын. Жыл қорытындысымен статистикалық деректерге сәйкес аудан бойынша салаға тартылған инвестиция көлемі 642,6 миллион теңгені құрады.
Туризм саласын ілгерілету мақсатында мемлекеттік қолдау шараларына орай 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап, туризм саласын ілгерілету мақсатында мемлекеттік қолдау шаралары қолданысқа енгізілген болатын.
Кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды (СГТ) күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау (83 300 KZT); Кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды (СГТ) күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялауға «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік дәлізінің бойында орналасқан «Мирас» кешенінің меңгерушісі К.Кенесбаева 2022 жылы өтінімін тапсырып, 2023 жылға ай сайын субсидия алуға қолдау тапты.
2024 жылға аталған субсидиялауға «Мирас», «Арзан сити 2» кешенінің қажетті құжаттары облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасына ұсынылды.
Шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту мақсатында да біршама жұмыс қолға алынуда. Атап айтқанда, «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі №181 бұйрығына сәйкес, «Қазалы ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешім жобасын бекітуге, тиісті жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілуде.
Аталған бұйрықта туристік жарнаға орналастыру орындарында болу құнынан 0 (пайыз) мөлшерінде ставка қолданылады деп көрсетілген. Осыған сәйкес, шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері – болу құнының 0 (нөл) пайызы бекітілетін болады.
Қазіргі уақытта, аудандық мәслихаттың шешім жобасын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне келісім алуға жолданды. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік дәлізі бойындағы сервистік қызмет көрсету орындары ауданда аталған автокөлік дәлізінің бойында «Арзан Сити-1», «Арзан Сити-2», «Мирас», «Бақыт» сервистік қызмет көрсету кешендері және «Sinooil», «TS Қызылорда мұнай өнімдері» жанар-жағар май бекеттері жұмыс жасайды.
Сонымен қатар, аудан аумағынан өтетін «Самара-Шымкент» автокөлік дәлізі бойындағы «Қашқан су» учаскесінде /«Бақыт» кешені/ маусымдық кезең бойынша жазғы демалыс орны (шомылу, әуесқойлық балық аулау) мен қыс мезгілінде мұз айдыны жұмыс жасайды.
Іс-шараларға орай ұдайы жұмыс атқарылуда. Қазалы ауданында Халықаралық туризм күні мерекесі аясында жыл сайын туризм саласын дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында балық аулаудан жарыс ұйымдастырылып келеді. Өткен жылы Абай ауылына кіре берістегі «Қалқымалы» көпірдің оң жақ бетінде өткізілді.
Балық аулаудан жарыс шарасына қазалылықтармен қатар, Алматы, Жезқазған, Ақтөбе, Қызылорда қалаларынан және көршілес аудандардан да әуесқой балықшалар қатысып, барлығы 250-ге жуық азаматтар бақтарын сынады. Нәтижесі бойынша бірінші, екінші, үшінші орын иегерлері анықталып, арнайы кубок медальдар мен және бағалы сыйлықтарға ие болды. Сондай-ақ, жарысқа қатысқан бірқатар қатысушылар «Жас балықшы», «Тәжірибелі балықшы», «Ең бірінші ұсталған балық» және «Ең ірі балық ұстаушы» номинацияларымен және жарысқа қатысушылар арасындағы ақсақалдар ынталандыру сыйлықтармен марапатталды.