Kyzylorda-news.kz Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен, мемлекет тік бағдарламалардың арқасында тиімді жобалар жүзеге асып, еліміздегі кәсіпкерлерге дем берілуде. Кəсіпкерлерге мемлекет тарапынан ерекше ден қойғалы түрлі ауқымды жобалар жүзеге асып, бизнестің бəсі жоғары болып тұр. Соның ішінде ауданымызда кәсіп ашқысы келгендерге де қолдау көрсетіліп, ойлаған мақсаттары жүзеге асырылуда. Мемлекеттік жобалар негізінде кәсібін кеңейтіп жатқан жандар жетерлік. Қармақшы ауданында да жоба жемісін көріп жүрген кәсіпкерлер бар.

Қазірде Жосалы кентінде жаңа нысандар бой көтеріп, кенттің келбетін келтіріп, халыққа қызмет көрсетуде. Аудан орталығындағы «1001 ұсақ» аталып кеткен шағын дүкен өткен жылы жоба аясында қайтадан жаңадан салынып, «Зұлқарнай» 1001 ұсақ дүкені болып халыққа есігін айқара ашқанына біршама уақыт болды.

Жеке кәсіпкер Бақытбек Қалыбаев 2008 жылы кент орталығынан «1001 ұсақ» үйге қажетті тауарлар дүкенін ашып, халыққа қалтқысыз қызмет көрсетіп келді. Енді жаңа ғимаратта жаңа тұрмыстық заттар мен басқа да бұйымдарды арзан бағада ұсынуда.

Аудан орталығынан ойып тұрып ашылған «Зұлқарнай» сауда үйі заманауи үлгіде салынған. Іші кең, тұрғындарға керектінің бәрі бар. Ашылғаннан-ақ саудасын қыздырған тұтынушылардың бүгінде қарасы қалың. Мұнда адам үзілмейді. Әсіресе, мереке күндері кезекке тұрған адамдар көп болады. Қазіргі таңда кәсіпкер 5 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Тағы да оқыңыз: