Kyzylorda-news.kz  Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде халықты сапалы өніммен қамтып отырған іскер жандардың бірі – жеке кәсіпкер Асарбаева Күлпаш Алдабергенқызы. Ол аудан тұрғындарын күнделікті сұранысқа ие нан өнімдерімен және жартылай фабрикат өнімдерімен қамтамасыз етіп келеді.

Кәсібін кеңейту мақсатында кәсіпкер «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы арқылы жылдық 6 % мөлшерлемемен 40 млн. теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, өндіріске қажетті заманауи құрал-жабдықтар сатып алған. Нәтижесінде өндіріс көлемі айтарлықтай артып, цех жұмысы жандана түсті.

Бүгінде «Береке нан» цехында тәулігіне 2000 дана нан, 300 дана батон, 200 дана тәтті тоқаш түрлері және 50-80 кг жартылай фабрикат өнімдері дайындалады. Табиғи әрі сапалы өнімдер тұрғындардың сұранысына ие болып, бүгінде «Береке нан» өнімдері аудандағы ірі маркеттер мен көптеген дүкен сөрелерінен орын алған.

Қазіргі таңда цехта 8 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұл – өңірдегі кәсіпкерліктің дамуына, халықтың әл-ауқатының жақсаруына қосылған үлес.

Күлпаш Алдабергенқызы алдағы уақытта цех жұмысын дамытуды көздеп отыр. Алдағы уақытта кәсіпті кеңейтіп, қызметкерлер санып көбейтпек. 

Тағы да оқыңыз: