Kyzylorda-news.kz Қалаға қарасты Қарауылтөбе ауылдық округінде құс шаруашылығын қолға алған кәсіп иесімен таныс болыңыз. 

Құстардың ішінде сағаттап өсетін құс бар. Бейне бір қазақ ертегілеріндегі батырлар сияқты. Бірақ қанша көз ілеспес жылдамдықпен өскенімен, сонша тез қартаяды. Яғни, өмір сүру циклі қысқа. 1,5-2 айдан бастап жұмыртқалай бастайды. Бөдене шаруашылығы – берекелі кәсіптің бірі. Құс шаруашылығының өсімталдығы жағынын тез жетілетін саласы. Қояндарға қарағанда бөденелер екі есе жылдам өсіп жетіледі. Жұмыртқаларды инкубаторға салған сәттен бастап жаңа бөденелердің алғашқы жұмыртқалауына дейінгі толық циклы бар болғаны 45-50 күнді құрайды. Бөденелер 25 күнде қауырсынданады, 30 күнде ересек болады, ал 35-40 күнде жұмыртқалай бастайды. Құс шаруашылығы тез дамитын, әрі тиімді сала. Бұл шаруашылықтың басты ерекшелігі – құстың жұмыртқасы мен еті. Қазіргі таңда экологиялық таза құс өсіру шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер қатары артып келеді. 

Бөдене еті мен жұмыртқасы адамға  өте пайдалы. Өте жылдам көбейетін бөдене етімен жұмыртқасы витаминдерге бай. Бөдене медицина саласында -демікпе, созылмалы өкпе ауруын, туберкулезді, созылмалы гастрит, асқазан ауруын, өт іріктелетін қалта ауруы мен өт жолдарын, жүрек-қан тамырларының жетіспеушілігін, бранхит, қан аздық және сәуле ауруларын емдеуде қолданылады. Оның  жұмыртқасының құрамына кіретін тирозин амин қышқылы косметика саласында ең қат өнім саналады. Оның  адам бетінің түсін жақсартуда зор пайдасы бар. Шетелдік биоөндіріс саласында бөдене жұмыртқасының негізінде әртүрлі бетперделер мен кремдер шығарылады. 

Бөдененің иммунитет жүйесі ағзаларының қорғаныс күштерін зерттеуге ыңғайлы. Тағы бір дәлелденгені, бөдене жұмыртқасы витаминдер мен амин қышқылдарына өте бай, гипоаллергенді. Бөдене жұмыртқаларын жүйелі пайдалану ағзаның әртүрлі ауруларға, оның ішінде түберкулезге қарсы күресуін жоғарылатады. Оларды шикі күйінде пайдалану Чернобыль апатынан сәулелі ауруға ұшыраған балаларға көмектескен. Олар өздерін жақсы сезіне бастаған, мұрындарының қанауы, бас айналулары тоқтап, қандағы гемоглабиндері көбейген. Бөденелердің жұмыртқасында басқа құстарға қарағанда белок көп. Егер тауық жұмыртқасында белок орташа 5,6 пайыз болса,   бөденелерде  ол 6 пайызды құрайды. Сарыуыздың үлесі тауықтікі сияқты 32 пайызға жуық. Онда қауыз жұмыртқа салмағының 7 пайызын  құрайды, ал тауықтарда бұл көрсеткіш 10 пайыздан асады.

Кәсіп иесі Нұрлан Смағұлов 2023 жылы көпбалалы әке ретінде мемлекеттік бағдарламаның көмегіне жүгініп, 400 АЕК көлемінде грантқа ие болған. Қаржыға адам ағзасына берер пайдасы мол бөдене шаруашылығын ашып, кәсібін жүргізіп отырғандардың бірі.

Қазіргі таңда шаруашылықта ет және жұмыртқа бағытындағы 4 мыңға жуық бөдене құсы бар. Бөдененің балапаны 40-45 күнде жетіліп, жұмыртқа бере бастайды. Күніне 1000-нан аса жұмыртқаны саудаға шығарады. 

 

Қорлан САРЫ

Тағы да оқыңыз: