Kyzylorda-news.kz. Қазіргі таңда Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы жанында 5 кеңес жұмыс істейді.
Өнеркәсіп, агроөнеркәсіп кешені, адами капиталды дамыту және бизнестің әлеуметтік саясаты, сауда, қызмет көрсету және туризм, құрылыс кеңесі.
Сонымен бірге, облыстың 7 ауданы мен Байқоңыр қаласында аудандық кеңестер құрылған.
Кеңестің негізгі мақсаты: Өңірлік палатаға тиісті өңірдің аумағында кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыруға жәрдемдесу.
Кеңестің негізгі міндеттері:
1) кәсіпкерлік қызмет субъектілерін өңіріміздегі кәсіпкерлікті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға тарту;
2) елеулі әлеуметтік-экономикалық маңызы бар және өңірімізде кәсіпкерлікті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған бастамаларды ұсыну және қолдау;
3) өңіріміздің кәсіпкерлігін дамытудағы басымдықтарды айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
4) азаматтарды, қоғамдық бірлестіктерді және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін азаматтардың кәсіпкерлік қызметке құқығын іске асыруға қатысты мәселелерді талқылауға және осы мәселелер бойынша ұсынымдар әзірлеуге тарту.
26 ақпанға дейін осы кеңес құрамын аймақтың белсенді, саланы дамытуға үлес қосқысы келетін кәсіпкерлерімен толықтыру көзделіп отыр.
Осыған орай, Кеңес мүшесі болуға ниетті кәсіпкерлер болса Палатаға хабарласуына болады.
Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы бойынша жауапты мамандар: Абзал Шәмшиев, Мадина Қасымжан, Назым Мұрсал, Құралай Ниязбаева. Тел.: 8 /7242/ 40-09-81.
Арал ауданы – Нұрсауле Ембергенова 8 778 730 89 80;
Қазалы ауданы – Маржан Ким 8 702728 41 41;
Қармақшы ауданы мен Байқоңыр қаласы – Алмат Утегенов 8 702 446 63 27;
Жалағаш және Сырдария аудандары – Асылхан Балмаханов 8 747 282 56 88;
Шиелі ауданы – Бекзатхан Бауыржанұлы 8 702 701 32 72;
Жаңақорған ауданы – Асылжан Жолдасбеков 8 702 116 20 99.