Kyzylorda-news.kz Шиелі ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Айтбай Жандарбеков кәсіпкерлермен кездесу өткізді.

Кездесуде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытында атқарылған жұмыстар, аудан орталығы ғимараттарының архитектуралық келбеті мен кәсіпкерлік нысандардың құрылыс мәселелері және заңдылығы, жер иелену заңдылықтары туралы мәселері қаралды. Сонымен қатар кәсіпкерлік салада өзекті мәселелердің бірі салық жүйесі айтылды.

Аудан басшысы бүгінгі кездесудің маңызына тоқталып, «Аймақ басшысының аппараттық мәжілістерінде беріліп жүрген тапсырмаларының бірі қоршаған ортаның оның ішінде тұрғындардың өмір сапасын жақсарту мақсатында қаланың, кенттің, елдімекеннің тазалығы және сәні мен ажары, осыны іске асыру жолында кәсіпкерлердің үлесі зор. 

Кәсіпкерлігі дамыған Шиелі ауданында кәсіп бастаймын деген азаматтарға жан-жақты қолдау көрсетілетіндігін айтты. 
Мұнымен қоса түрлі мемлекеттік бағдарламалар арқылы кәсіпкерлерді қолдау мақсатында несие грант қаражаттары беріліп жатқандығын айтты.

Сондай-ақ аудан кәсіпкерлеріне салық нормалары мен кассалық аппараттар орнату, белгіленбеген орында сауда-саттық жасамау туралы, ауданның тазалығы, кәсіпкерлік нысандардың сыртқы келбеті мен түнгі жарықтарын қолға алу туралы бірқатар тапсырмалар берді.

Фото: Шиелі ауданы әкімдігі

Тағы да оқыңыз: