Kyzylorda-news.kz Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Мөлдір Тәуіпбаева  партияның облыстық филиалы алаңында қоғамдық қабылдау өткізді.

Қабылдау барысында тұрғындар кәсіп ашу, кәсіпкерлікті дамытудағы қолайлы бағдарламалар мен жобалар төңірегінде кеңестер сұрап, ұсыныстарын ортаға салды.

Басқарма басшысы  аталған тақырыптар бойынша кеңес беріп, келушілердің сұрақтарына жауап берді.

Қызылорда өңірлік инвестициялық орталық арқылы кепілдікке мүлік қойып 78,6 млн тг дейін несие, Аграрлық несие корпорациясы арқылы кепілге мүлікке қойып 10 жылға 6 пайызбен несие алуға, «Ауыл аманаты» жобасы арқылы 2,5 пайызбен 9,8 млн тг дейін құс шаруашылығына 7 жылға дейін несие алуына мүмкіндігі бар екенін айтты. 

«Ауыл аманаты» жобасы зәкірлік кооперацияларды дамыту және ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамытуға бағытталғаны түсіндірді. 

Кәсіп көзін бастамақшы жас буын өкілдеріне Бизнеске арналған үкімет орталығына жолықса бизнес жоба әзірлеуіне қолдау көрсетілетінін жеткізіп, сала бойынша мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңестер берді.

Тағы да оқыңыз: