Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Әбілқайыров Дәурен Тұрғанбайұлы партияның облыстық филиалы алаңында қоғамдық қабылдау өткізді.

Қабылдау барысында кәсіпкерлік нысанды ұлғайту, кәсіпкерлікті дамытудағы қолайлы бағдарламалар, әлеуметтік көмек көрсету төңірегінде мәселелер қозғалды.

Д. Тұрғанбаев кәсіпкерлік нысанды ұлғайту мәселесінде кәсіпкердің ынтасына қарай қолдау білдіріп, мүмкіндігінше көмек көрсететінін жеткізді. Қосымша кәсіпкерлікті дамыту мақсатындағы тиімді бағдарламалар жайлы кеңес беріп, партия бастамасымен жүргізіліп жатқан “Қарызсыз қоғам”, «Ауыл аманаты» жобаларының мүмкіндіктері жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Әлеуметтік көмек көрсету бойынша басқарма басшысы алдағы уақытта әрбір мәселені зерттеп, қосымша хабар беретінін жеткізді.

Тағы да оқыңыз: