Сырдария ауданына қарасты Аманкелді ауылдық округі бойынша 532 отбасында 2742 халық тұрады. Ауылда мектеп-лицей, балабақша, аурухана, ауылдық мәдениет үйі, кітапхана, қазпошта бөлімшесі, вет.станция, ауылдық өнер мектебі және өрт сөндіру бекеті халыққа қызмет көрсетіп келеді.
Берекесі тасыған ауылда 8 тыл ардагері, 25 «Алтын алқа» және 62 «Күміс алқа» иегерлері бар.
Елді мекеннің экономикалық дамуының негізгі саласынің бірі – ауыл шаруашылығы болып табылады. Ауылдық округі бойынша 3313 ірі қара мал, 2121 жылқы, 3756 қой, 830 ешкі және 1465 құс тіркелген. Бір ветеринарлық пункте 4 маман қызмет көрсетеді.
Елдімекенде жыл басынан бері мал басын көбейту мақсатында «Аграрлық несие корпорациясы» микро қаржы ұйымынан 3 тұрғын жылқы басы мен түйе басын көбейту мақсатында 5 млн теңге несие алса, ал Ерлан Омаров мүйізді ірі қара малын көбейту мақсатында «Қызылорда Өңірлік инвестиция орталығы» микро қаржы ұйымынан 4 млн теңге несие алған.
Өткен жылғы қожалықтар мен жеке секторларда орналастырған ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі бойынша картоп 15, қауын 8, қарбыз 6, асқабақ 5, жуа 1, қызанақ 2, қияр 1, жаңа жоңышқа 30, ескі жоңышқа 38, күріш 150, жүгері 10 гектар жерді құрайды. Сонымен қатар тұрғындар елді мекеннің сырт аймақтарындағы тың жерлерге ұжымдасып, әкімшілік тарапынан берілген су насос құралын пайдаланып, Желқазған, Аяқкөл, Қосапан, Шағырлы өңіріне егін еккен болатын.
Білім саласы бойынша мектеп-лицейде 535 оқушы білім алуда. Барлық педагог саны – 74. Оның ішінде педагог-зерттеуші-14, педагог-сарапшы – 22, педагог-модератор-15. № 8 «Айгүл» балабақшасы 1980 жылы типтік жобада салынған. Қазіргі таңда 6 топта 125 бала тәрбиеленуде.
Бала тәрбиесімен жоғары білімді – 16 педагог, 8 модератор, 1 зерттеуші жұмыс жасайды. «Үлгілі оқыту» бағдарламасын жүзеге асыру барысында бес саламен жұмыс жасап келеді.
Денсаулық саласына келер болсақ, ауылдық дәрігерлік амбулаторияда барлығы 29 адам жұмыспен қамтылып отыр. Өткен жылы 9757 адам белсенді түрде қаралып ем алса, профилактикалық байқаудан өткен ересектер саны - 150 адам, балалар саны - 240. Ағымдағы жылы туылған бала саны - 24.Қайтыс болғандар саны-11. Үйге шақырушылар саны - 350 адам. Диспансерлік есепте тұратын науқастарға тиісті медициналық көмектер көрсетілді.
Мұнан бөлек, Аманкелді ауылдық мәдениет үйінде 7,5 штаттық бірлік бойынша барлығы 8 жұмысшы-қызметкер бар. Ауылдық мәдениет үйі жанында 7 үйірмеге 74 көркем өнерпаз тартылған. Атап айтқанда, ән, би, домбыра, сурет, көркемсөз үйірмелері мен «Жадыра» халықтық әжелер ансамблі, «Аналар» ансаблі, «ДО-СИ» вокальды-аспапты ансамблі бар.
Ауылда 2014 жылдан бастап Аманкелді ауылдық Өнер мектебі жұмыс жасап келеді. Қазіргі уақытта би, домбыра, баян, қобыз, дәстүрлі ән, фортепиано және вокал сыныптарында барлығы 120 оқушы оқиды, 14 мұғалім қызмет атқарады. Өнер мектебі оқушылары топтық би, дәстүрлі ән, домбыра, қобыз, баян, фортепиано аспаптары бойынша аудандық, облыстық, республикалық байқауларда өнер көрсетіп жеңімпаз атанып келеді.
Өрт сөндіру бекетінде 4 қызметкер жұмыс атқарады. Ауылдық округі бойынша 1263 экономикалық белсенді халық бар. Жыл басынан бері 24 адам тұрақты жұмысқа орналасып, 48 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылып, 8 адам жастар тәжірибесімен жұмыс жасауда. Жыл басынан бері атаулы әлеуметтік көмекке 19 отбасы құжат тапсырып, 16 отбасы алды. Жұмыссыздық деңгейі осы кезеңде 5,7 пайызды құрады.
Кәсіпкерлік саласы бойынша кәсіпкерлікті дамыту бағытында елді мекенде бірқатар жобалар іске асты. Жыл басынан бастап жаңадан тіркелген кәсіпкерлер саны – 36. Ауылдық округ бойынша жалпы тіркелген кәсіпкерлер саны – 183. «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша «Қызылорда Өңірлік инвестиция орталығы» микро қаржы ұйымы арқылы құны 7 млн 8 мың теңгенің 2 жобасы қаржыландырылды. 15 млн теңгенің 1 жобасы дәріхана жобасы бойынша комиисия оң шешімін алып, қаржыландырылу күтілуде. «Аграрлық несие корпорациясы» микро қаржы ұйымы арқылы жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау бағыты бойынша 4 жоба ұсынылып. Оның ішінде құны 15,0 млн теңгенің 3 жобасы қаржыландырылып. 1 жоба комиисия оң шешімін алып, қаржыландырылу күтілуде. Еңбек нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасының грант тетігі арқылы құны 5 млн 520 мың теңгеге 4 жоба мақұлданып қаржыландырылды. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша мемлекеттік қайтарымсыз грант мүйізді ірі қара мал басын көбейту мақсатында 4 тұрғын 1 380 000 теңге қайтарымсыз грант алған болатын. Демеушілік бойынша "АКЗ ЛТД" ЖШС және ауылдың шағын жеке кәсіпкерлері тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлікпен қамтамасыз етіп, өз көмектерін көрсетуде.
Есепті кезеңде ауылда қоғамдық-саяси ахуал тұрақты болды.