Kyzylorda-news.kz  Шағын полиграфия өндірісі ауданда қолдау тапқан креативті бизнес жобаның бірі ретінде елең еткізгендіктен ерінбей Жаңақорған ауданына қарасты Шалқия кентіне ат басын бұрдық. Шақыру хаттар мен түрлі көрнекі құралдарды бала шеңді жасап машықтанған Балжан Бакированың баспагерлік бағыттаы басқа да жобалары көңілімізден шықты.

–Жаныма жақынкәсіпті меңгеру жолында талай баспалдақтардан өтіп, тәжірибе жинадым. Кәсіби білім алмасам да, жан-жақты зерттеп, оны практика жүзінде сынап көрдім. Әлеуметтік желі дамыған заманда баспагерлік ісі кімге керек деген достарым да болды. Меніңше, қай дәуірде болмасын баспа ісі бірге дами береді. Қазір асқа шақыру қағаздарынан бастап, буклет, брошюра, кітаптағы сұраныс басым. Сыйлықтар салуға арналған қораптардың да түр-түрі бар, — деп бастады әңгімесін.

Шағын кәсіпкерлік жүзден аса полиграфиялық қызмет көрсетуге қауқарлы. Тұрақты тұтынушыларының көбі әлеуметтік желі арқылы тапсырыс беріп келеді. Ал, ауылдағы мектеп ұстаздары мен балабақша тәрбиешілері Балжанның дүкенінен күнделікті сабаққа қажетті көрнекі құралдарды талғамына сай жасатып алуда. Соның бірі – Арайлым Мақашқызы:

– Бұрын сабағымызға қажет әдістемелік көрнекі құрал үшін Түркістан қаласы мен Жаңақорған кентіне сабылып,қанша уақыт жоғалтатын едік. Балжан бізді осы қиындықтан құтқарды. Ешқайда сабылмай жас шағының уайым етпей, ауылдағы баспаханаға келіп, тиімді бағада әрі өз ойымыздағыдай көрнекі құралдарды жасатып жүрміз. Полиграфиялық машинасының мүмкіндігі жаңа бағытта сабақ беру түрліше әдіс-тәсілдеріне қор қалыптастыруға жол ашты, – деді ол.

Полиграфиялық қызмет көрсетудің қыр-сырын ұққан кәсіп иесі баспагерлік іске қажетті бояулары мен құрал жабдықтарын Алматы қаласынан тасымалдайды екен. Әрі сол қаладағы тәжірибелі баспахананың мамандарымен жиі тәжірибе алмасып жүр. Үлкен қалада университетті тәмамдағаннан жас Шалқияға оралып, бірден ірі мегаполис пен шағын кент арасындағы қарама-қайшылықты сезінді. Сондықтан осы олқылықты шағын кәсіпкерлік көзіне айналдырғанын жасырмады.

– «Жас толқын лайықты өмір сүру мүмкіндіктері мен перспективаларын таңдай бермейтіндіктен көз алдындағыны көрмей жатады. Көбі үлкен қалаларда үзеңгі іліндіруді ойлайды. Ары қарай келешегіне ой жүгірте беррмейді. Менің жолым болды. Бастау бизнес жобасы мен бизнес тренингтері маған өзіме деген сенімділігімді арттырып, жақын болашаққа қатысты бағдарларымды анықтауға көмектесті. Мен мүмкіндіктерді олар бір қарағанда жоқ болып көрінетін жерден көруді үйрендім», – дейді ол.

 

Мақпал МАРҚАБАЙ

Тағы да оқыңыз: