Kyzylorda-news.kz ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясының мүшесі Мұрат Ергешбаев Талсуат ауылдық округіндегі тігін цехінің жұмысымен танысты.

«Расул» жеке кәсіпкерлігінің иесі Айгүл Ахметова өткен жылы «Ауыл аманаты» жобасы аясында 7 миллион теңге несие алып, кәсібін бастаған. Қазіргі таңда 2 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Әзірге жергілікті мекемелердің мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысу арқылы өз өнімдерін өткізіп отыр. Алдағы уақытта тігін цехін кеңейтуді жоспарлап, қазіргі таңда қосымша ғимараттың іргетасын құюды бастаған.

"Фракция мүшесі Мұрат Нәлқожаұлы: Шағын кәсіпкерліктерді жан-жақты қолдау біздің басты мақсат. Жүйелі жұмыстардың қолға алынғанын көріп отырмын. Оның үстіне қосымша ғимарат салып, кәсіп аясын кеңейтуді бастаған екенсіз, бастамаңызға сәттілік тілеймін",-деді.

Кәсіпкер соңғы үлгідегі түрлі тігін құралдарын алып, ұлттық киімдер, күнделікті қолданылатын киімдер мен ою, жазу тігу қызметтерін көрсетуде.

Тағы да оқыңыз: