Kyzylorda-news.kz  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  «Басты міндет-іскер азаматтарымыздың кәсіпкерлік рухына зиянын тигізетін жасанды кедергілер мен шектеулердің бәрін жою. Кәсіпкерлер бизнеске жүргізілетін себепсіз тексерулерді біржолата  ұмытуы қажет. Олар тек салық органдарының алдында ғана есеп  береді. Мемлекет пен бизнес-сенімді серіктестер. Шағын және орта бизнестің дамуына заңсыз кедергі келтіретіндердің бәрі заңға сәйкес қатаң жауапқа тартылады» деген болатын. Осы ретте кәсіп бастап нәсібін табамын дегендерге елімізде мүмкіндік көп. 

Нарықта сұранысқа ие кәсіптің бірі – бөдене өсіру. Соңғы уақытта бөдене өсіру жұмысы кең етек алып келеді. Осы орайда Жаңақорған ауданының тұрғыны Назира Белсенбаеваның еңбегі көпке үлгі. Ол бөдене бағып, айына 1 млн теңге табыс тауып отыр.

Назира Белсенбаева бұл жоспарын «Ауыл аманаты» ұлттық жобасы арқылы жүзеге асыруда. Қазір бөдене шаруашылығын дөңгелетуде. 
Қазір бөдене бағудың қыр-сырын жақсы меңгерген ол күніне 1000-нан аса жұмыртқаны саудаға шығарады. Оған қоса бөдене етімен аудандағы мейрамханалар мен тамақтану орындарын қамтамасыз етіп, Астана қаласына да жөнелтуде.Сондай-ақ Назира кәсiптi үйрене жүрiп, өзгелерге де оның қыр-сырын үйретуді өзіне мақсат етіп қойған.

− Мен «Ауыл аманаты» жобасымен 3 млн теңге көлемінде несие алдым. Оған екі мыңнан астам құс және қажетті жабдықтар сатып алдым. Жергілікті тұрғындарының арасында осы өнімге деген сұраныс жоғары. Осыған байланысты небәрі бір айдың ішінде кәсібім өрге домалады. Қазір 1 млн теңге табыс табуға мүмкіндік туып тұр. Бөдене әр 16 сағат сайын жұмыртқалайды, − дейді ол.

Назира Белсенбаева жаз айында аталмыш бағдарлама арқылы тағы да несие алуды көздеп отыр. Бағдарламаның екінші бөлімі арқылы кәсібін кеңейтпекші. Сол мақсаты жүзеге асса, алдағы уақытта арнайы ферма ашу жоспарында бар.
 

Тағы да оқыңыз: