Kyzylorda-news.kz Бүгінде елімізде елді мекендердің инфрақұрылымы дамып, өндіріс орындары ашылып, көркейту-абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Бұл бағыттағы жұмыстар Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Жарлығына сәйкес жүргізілуде.
Оның ішінде, кәсіпкерлікті дамыту бойынша «Ауыл Аманаты» жобасы аясында 2023 жылы Сырдария ауданы бойынша 234,7 млн. теңгені құрайтын 23 жоба қаржыландырылды.
Жаңа жобаның игілігін көрген кәсіпкер азаматтардың бірі Тереңөзек кентінің тұрғыны жеке кәсіпкер Назым Алтынбаева мемлекеттік қолдауымен «Ауыл Аманаты» бағдарламасы бойынша 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие қаражатын алып, ассенизатор камаз автокөлігін сатып алды. Қазіргі таңда кәсіпкер ассенизатор камаз автокөлігіне 1 жүргізіші адамды жұмыспен қамтып, аудан тұрғындарына қызметі көрсетуде.
– Қазіргі уақытта аудан тұрғындары жеңілдетілген несие алып, мемлекеттік бағдарламаның шапағатын көруде. Өз кезегінде кәсіпкерлік бағытына бет бұрып, ассенизатор камаз автокөлігін алған болатын. Осы сәтте жергілікті халыққа тиімді жұмыс сапасын ұсынуға барымызды саламыз, – деді жеке кәсіпкер.
Фото: baq.kz