Kyzylorda-news.kz Шиелі ауданында «Ауыл аманаты» жобасы аясында жаңадан ашылған кәсіпкерлік нысанның салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Шараға аудан әкімі Айтбай Жандарбеков қатысып, жоба аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың маңыздылығына тоқталды.

«Бұл жобаның арқасында аудан тұрғындары өз кәсібін ашып, табысын арттыруда. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан бұл бастама аудан экономикасын дамытуға үлкен серпін беруде, – деді Айтбай Жандарбеков.

Кәсіпкерлік ашылу салтанаты 3.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Ауыл аманаты» жобасы ауыл тұрғындарының табысын арттыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға және кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған.

«Ауыл аманаты» жобасы аясында соңғы үш жылда Шиелі ауданы бойынша жалпы құны 968,1 миллион теңгені құрайтын 135 жоба қаржыландырылып, нәтижесінде ауданымызда жаңа жұмыс орындары ашылып, кәсіпкерлік саласы дамып келеді.

Жаңадан ашылған кәсіпкерлік нысанның ашылуы аудан тұрғындары үшін жаңа мүмкіндіктердің бастауы болмақ.

Кәсіпкерлік ашылу салтанаты 2.jpg

Тағы да оқыңыз: