Kyzylorda-news.kz  Ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту үшін «AMANAT»партиясы қолға алған бағдарламалардың бірі – «Ауыл аманаты» жобасы.

Бүгінгі күні еліміз бойынша жоба аясында жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп, игілігін көріп отырған кәсіпкерлер баршылық. Мәселен, Қазалы ауданында жыл басынан бері «Ауыл аманаты» жобасы аясында 29 жоба қаржыландырылған.

«AMANAT» партиясының Қазалы аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының мүшелері аталған жоба аясында кәсібін дөңгелетіп отырған жеке кәсіпкер Толқын Бижанованың «Толқын тәттілері» атауымен ашылған цех жұмысымен танысты.

Жеке кәсіпкер осыдан екі жыл бұрын “Ауыл аманаты” жобасы аясында 2,5 пайызбен 6,5 миллион теңге несие алған. Түрлі дәмді торттар шығарып халыққа ұсынып отырған кәсіпкер қазіргі таңда орталық базардағы ғимаратты жалға алып жұмыс жасап, 2 адамды жұмыспен қамтып отыр.

«Ауыл аманаты» жобасы – жас кәсіпкерлерге арналған жарқын мүмкіндік. Жоба аясында кәсіп ашқаныма екі жылдан асып барады. Қазіргі таңда алған несиемнің жартысына жуығын төлеп тастадым. Алдағы жоспарым – цех аясын кеңейтіп, өнім түрлерін көбейту. Бүгінде манты, тұшпара, жартылай фабрикат өнімдері сынды жартылай дайын тағам түрлерін де өндіре бастадық. Барлығы таза әрі сапалы», – деді кәсіпкер.

Айта кетейік, шараға Қазалы аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры Маржан Ким, Қазалы ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің бас маманы Ардақ Байденесова және аудандық филиалдың сарапшысы Алтынай Кенжалиева қатысты.

Тағы да оқыңыз: