Kyzylorda-news.kz «Ауыл аманаты» жобасы – Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында қолға алынған маңызды бастама және ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсартып, табысын арттыруға бағытталған.

Осы орайда «AMANAT» партиясы ауыл халқының еңбек табысын арттыру мақсатында Үкіметпен бірлесіп «Ауыл аманаты» жобасын іске қосқан болатын. Бастапқыда пилоттық жоба ретінде қолға алынған жоба бүгінде ел көлімінде жүйелі жүзеге асып келеді. Халықтың жартысынан астамы ауылдық жерде тұратын Сыр өңірі үшін бұл жобаның маңызы зор.

Ауылдағы ағайынның кәсіп көзін тауып, табысын жақсартуы үшін жобаны жүзеге асыруға өткен жылы облыста 3,0 млрд. теңгеге 406 жоба несиелендіріліп, нәтижесінде 713 жаңа жұмыс орны ашылған болатын. Жоба аясында - 33 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері - 716 млн. теңгеге; - 373 жеке кәсіпкерлер - 2 млрд. 284 млн. теңгеге қаржыландырылды.

Басымдық өндірістік жобаларға, яғни шағын цехтар, жылыжай өндірісі, омарта, балық және құс шаруашылығы секілді жеке қосалқы шаруашылықтардың жұмысын дамытуға бағытталды.

Бүгінгі күні өңірімізде жобаның жемісін көре бастаған азаматтар қатары артып келеді.

Жаңақорған кентінің тұрғыны Азамат Кеңесбекұлы «Азамат» ДК – гін ашып, жиһаз жасаумен айналысып жүргеніне 15 жылдың шамасы болған. «Ауыл Аманаты» жобасы арқылы 2,5 пайызбен 8,5 млн несие алып, шағын кәсібін ілгерілетуге мүмкіндік алған. Жеңілдетілген пайызбен несие алған кәсіпкер бүгінде ас үй гарнитурларын, шкафтар мен басқа да жиһаз түрлерін өндіруде.

Ал, Жосалылық Джабеков Даурбек жоба аясында фибробетон құрылыс материалын шығару (құрал-жабдықтар алу) үшін 3,0 млн теңге несие алып, қазіргі таңда аудан тұрғындарына қызмет жасауда.

Қызылжарма ауылдық округінде «Бажак» жеке кәсіпкерлігінің иесі Бажакова Айнұр бүгінде «линарлы панель» өндірісін бастаған. Жоба аясында 7 миллион теңге несие алып, кәсіпкерлікке қажетті құрал жабдықтардың 8 түрін сатып алып, жұмыстарын жүйелі жүзеге асыруда.

2024 жылға «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру үшін 575 жобаны қаржыландыру және 610 жаңа жұмыс орындарын ашу көзделуде.

Бағдарлама шеңберінде барлық елді мекенді бірдей қатыстыру мақсатында қаралған қаржы әр аудан және Қызылорда қаласы бойынша халық санына қарай тепе-тең (пропорционально) бөлініп, облыстың 146 (2 шағын қала, 12 кент және 269 елді мекен) ауылдық округтерін қамту жоспарлануда.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен ауылды дамытудың барлық ұйымдастырушылық, қаржылық тетіктері жасалып жатыр. Ең бастысы, партия өкілдері, жергілікті атқарушы органдар осы маңызды жобаны халыққа жан жақты жеткізіп, насихаттауда. Тұтас қоғамды жобаның төңірегіне жұмылдыруымыз керек.

Тағы да оқыңыз: