Kyzylorda-news.kz Еліміз бойынша іске асып жатқан «Ауыл аманаты» жобасы аясында қазіргі уақытта жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп, кәсіп бастаған және бар ісін дамытып отырған кәсіпкерлер баршылық. Ауылдың тұрмысын түзеуге бағытталған бағдарламаның игілігін көріп отырғандардың қатарында Аралдық кәсіпкер Майра Қабатаева да бар.

Ол бүгінде аталмыш жобаның шапағатың көріп, Арал қаласынан шағын наубайханасын ашқан. Ауданның тұрғындарын сапалы әрі балғын нанмен қамтамасыз етіп, олардың алғысына кенеліп отыр.

Майра осыдан 10 жыл бұрын нан өнімдерін сатып бастаған. Кәсіпкер 2024 жылы «Ауыл аманаты» атты жаңа бағдарламаның бар екенін естіп, соған қатысуға бел буған. Осылайша мамандардан кеңес алып, әкімдікке құжаттарын тапсырып, жеңілдетілген 2,5 пайызбен 5 млн теңге несие алған. Қаражат қолына тиген сәтте цехқа Ресейлік зауыттардан шығарылған үлкен пештер, қамыр илейтін құрылғы және тағы да басқа қажетті құрал-жабдықтар мен ұн, тұз секілді шикізаттар алып, жұмысын бастаған. Бүінде цехта 3 адам жұмыспен қамтылып отыр.

Қазіргі уақытта наубайханада күніне 400- ге жуық дана бөлке, қара нан пісіріледі. Сондай-ақ қосымша күн ара 300 дана тәтті тоқаштар жасалып,сауда орындарына сатылымға жіберіліп отырады.

Иә, ас атасының дайындалуы оңай жұмыс емес. Десе де Майра Жолдыбайқызы төзімділік танытып, бүгінде кәсібін бір қалыпқа келтіріп алған. Оған қоса қазір жеткен жетістігімен тоқтамай, алдағы уақытта ісін дамытып, цехты және жұмысшылар санын кеңейтіп, өнімін өзге өнірлеріне шығаруды жоспарлауда. Оған қоса тәтті өнімдер жасайтын кондитерлік цех ашуды да ойластырып отыр.

"Бастапқы қиындықтар – әр істі бастар кезде кәсіпкердің басынан өтетін жайт. Жалпы табысқа жетудің бірден-бір кілті, ол – төзімділік. Қандай жұмыс болса да ауыр жеңіліне қарамау қажет. Ал несібесі жасаған жұмысына қарай келетін болады. Ең бастысы, жоспарымыз бен нақты мақсатымыз бар, – дейді Майра Қабатаева. 

Тағы да оқыңыз: