Kyzylorda-news.kz  Ауылдағы ағайынның кәсіп көзін тауып, табысын жақсартуды мақсат еткен «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасы өңірде нәтижелі жүзеге асуда.

Бүгінгі күні жобаның жемісін көре бастаған азаматтар қатары артып келеді. Бүгін партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, жобаның аймақтағы жетекшісі Нұркен Бақытбекұлы және комиссия мүшелері жоба аясында іске қосылған кәсіпкерлік нысандардың жұмысымен танысты.

Аманаттықтар алдымен Қызылорда қаласына қарасты Қызылжарма ауылдық округіндегі жеке кәсіпкер Анар Бажакованың панель өндіруге арналған цехын көрді.

Жеке кәсіпкер «Ауыл аманаты» жобасы аясында 7 млн. теңге несие алып, желілік панельдер өнімдерін шығаратын құрал жабдықтар сатып алып алып, жұмыс жүргізуде.

Мұнан соң мониторингтік топ Қарауылтөбе ауылындағы жылыжай жұмысымен танысты.

Жоба аясында 7 млн. 900 мың теңге алған кəсіпкер Сейсенкүл Қыдырбаева жылыжай жиынтығын сатып алып, құрып, өнімдер егуде.

Сондай-ақ, аманаттықтар Қосшыңырау ауылдық округіндегі пеноблок шығарып отырған Жанар Жандарбекованың кәсіп орнында болып, өнім өндірушінің жұмыс барысымен танысты.

Мониторингтік топ мүшелері азаматтардың ұсыныс пікірлерін тыңдап, отандық өнімді, өндірісті дамытуға қосып отырған үлесі үшін ризашылықтарын білдіріп, кәсіптеріне табыс тіледі.

Тағы да оқыңыз: