ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мұрат Ергешбаев Шиелі ауданына сапары барысында «Ауыл аманаты» жобасы аясында жаңадан ашылған кәсіпкерлік нысанның жұмысымен танысты.
«Ауыл аманаты» жобасы аясында салынған бизнес-инкубатор
Тапсырыс беруші: Шиелі кент әкімі аппараты. Келісім шарт құны: 15 млн 700 теңге. Орналастырылған жобалар: ЖК «Жұлдызай» - Кондитерлік цех; ЖК «Нұрислам» - Жарнама агенттігі; ЖК «Бақымова» - Аниматорларға арналған тігін шеберханасы;
ЖК «Кәусар» - Жартылай дайын өнімдері өндіру цехы; ЖК «Орда» - Қағаз майлықтар шығару цехы.
Бұл жобаның арқасында аудан тұрғындары өз кәсібін ашып, табысын арттыруда. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан бұл бастама аудан экономикасын дамытуға үлкен серпін беруде.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Ауыл аманаты» жобасы ауыл тұрғындарының табысын арттыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға және кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған.
«Ауыл аманаты» жобасы аясында соңғы үш жылда Шиелі ауданы бойынша жалпы құны 968,1 миллион теңгені құрайтын 135 жоба қаржыландырылып, нәтижесінде ауданда жаңа жұмыс орындары ашылып, кәсіпкерлік саласы дамып келеді.
Жаңадан ашылған кәсіпкерлік нысанның ашылуы аудан тұрғындары үшін жаңа мүмкіндіктердің бастауы болмақ.