Kyzylorda-news.kz «AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалы (2022 жылғы 1 наурызға дейін «Nur Otan» партиясы Қазалы аудандық филиалы болып аталды) – еліміздегі ең ірі саяси «AMANAT» партиясының құрылымдық бөлімшесі, яғни, аумақтық филиалы болып табылады. Қазалы ауданында 1999 жылдың ақпанынан бастап, «Отан» республикалық саяси партиясы болып құрылды.

 Қазалы аудандық өкілдігінің төрағасы болып Алтынбай Шарафадин, оның орынбасары болып, Бектұр Қалиев, 2005 жылдан төрағаның орынбасары Толыбай Жүсіпов, 2005 жылы төраға болып Нұрман Талқанбаев қызмет атқарса, 2007 жылдың шілде айынан бастап «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы аудандық филиалының төрағасы болып Толыбай Жүсіпов, төрағаның бірінші орынбасары болып Мәмбетжан Қасқырбек Өмірзақұлы, 2008 жылдың қазанынан филиал төрағасы болып Көшербай Айтбай, төрағаның бірінші орынбасары болып Мәмбетжан Қасқырбек Өмірзақұлы, 2012 жылдың 7 қарашасынан «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы аудандық филиал төрағасы болып Мұрат Самұратұлы Имандосов болды.

2013 жылдың 26 шілдесінен «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы аудандық филиал төрағасы Бахыт Жаханов Дүйсенұлы, төрағаның бірінші орынбасары болып, Мәмбетжан Қасқырбек Өмірзақұлы, 2015 жылдың қыркүйек айынан «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасы Шамұратов Нажмадин Шакизадаұлы, 2018 жылдың 29 қаңтар айынан бастап, төраға Ергешбаев Мұрат Нәлхожаұлы, төрағаның бірінші орынбасары болып Мәмбетжан Қасқырбек Өмірзақұлы қызмет атқарды.

2021 жылдың 3 шілдесінен төраға болып, Оразбаев Мұхтар Әуесұлы, 2021 жылдың 05 сәуірінен аудандық филиалдың Атқарушы хатшысы болып, Жалғасбаев Нұрғиса Жаппарбергенұлы қызмет атқарып келеді.

Партия филиалының төрағасы – Әліш Ғазиз Әлмәмбетұлы, 2023 жылдың 10 қаңтарынан «AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалының төрағасы болып, Жарылқап Бақытжан Дүзелбайұлы, 2023 жылдың 11 шілдесінен Әліш Ғазиз Әлмәмбетұлы, ал, Атқарушы хатшысы болып, Жалғасбаев Нұрғиса Жаппарбергенұлы қызмет атқарып келеді.

Бастауыш партия ұйымдары бойынша Қазалы аудандық партия филиалы бойынша 5 234 партия мүшесі қамтылған 27 бастауыш партия ұйымы және 111 топтық ұйым жұмыс жасайды.

Бүгінде бастауыш партия ұйымдары жарнапұл жинағы, партиялық жобалардың іске асуы, ақпараттық жұмыстар, партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының іске асуы бойынша белсенділік танытып, жоспарға сәйкес жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Сондай-ақ партиялық жарна қаражатынан шотқа кері қайтарылатын 20 пайыз қаржыға партиялық жобалар аясында түрлі бағытта мерекелік, спорттық шаралар өткізуде.

Партиялық жобалар бойынша «АМАNАТ» партиясының негізгі мақсаттарының бірі – халықтың әл-ауқатын арттыру. Осы орайда, партияның аудандық филиалымен жоспар бойынша партиялық жобалар шеңберінде бірқатар кешенді шаралар жүзеге асырылып келеді.

Атап айтқанда, есепті кезеңде «Бақытты отбасы» партиялық жобасының «Баланы мектепке даярлайық!» жалпы республикалық акциясы аясында тұрмыс жағдайы төмен, аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан мектеп оқушыларына облыстық, аудандық мәслихат депутаттарының, белсенді партия мүшелерінің, бастауыш партия ұйымдарының қолдауымен оқу құралдары, мектеп формасы табысталып, қайырымдылық іс-шаралары дәстүрлі түрде жыл сайын  тұрақты ұйымдастырылуда.

Өткен жылы акция аясында жаңа оқу жылы қарсаңында тұрмыс жағдайы төмен, көпбалалы, жалғыз басты отбасылардың балаларының арнайы тізім әзірленіп, тізімге сәйкес, 189 балаға демеушілік аясында көмек жасалды.

Аталған жоба аясында мектеп оқушылары арасында «AMANAT CUP» үстел теннисі, «Бақытты бала - бейбіт елдің тірегі» атты 40-қа жуық білім беру ұйымдарындағы ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар арасында тимбилдинг, тұрақты түрде үй күтіміндегі ерекше қажеттілігі бар жандардың, көпбалалы аналардың жағдайын білу, қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, денсаулықтың күтіміне байланысты медициналық кеңестер беру акциясы, «Балалар үшін қауіпсіз және жайлы инфрақұрылым» акциясы, «Оқуға құштар отбасы» атты оқырман отбасылар сайысы, білім ошақтарында мектеп оқушылары ыстық тамақпен қамтылуына, ас ішетін орындағы санитарлық ережелердің сақталуы, ондағы тазалық пен балаларға үйлестірілетін ас мәзірі, тағамдардың сапасына мониториг жұмыстары және тағы басқа бағыттар бойынша жұмыстар жүргізіліп келді.

Сонымен бірге, мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз орта қалыптасуын бақылау мақсатында «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында аудан орталығындағы және ауылдық округтердегі мекемелерге мониторинг жұмыстары жүргізіліп, ескертпелер негізінде кемшіліктер қалыпқа келтірілді. Үйден білім алатын ерекеше қажеттілігі бар балалардың жағдайына және оқу процесіне мониторинг жұмыстары тұрақты ұйымдастырылған.

Жоба аясында ағымдағы жылы даму ерекшеліктері бар балаларға спорттық процесті қолжетімді ету, олардың денсаулығын нығайтып, дене шынықтыруын жақсарту мақсатында «ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР» атты инклюзиялық спорт фестивалі өткізілді. Сонымен бірге, партия алаңында әлеуметтік осал топ өкілдерімен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, ұсыныстарына сәйкес, тиісті шаралар қабылдануда.

Партияның «Ұлттық мұра» жобасы аясында бастауыш партия ұлттық спорттық сайыстар ұйымдастырылып, оқушылар арасында дәстүрлі домбыра өнерін насихаттап, ұлттық мәдени құндылықтар мен мұраларды одан әрі дамыту мақсатында күйшілер байқауы дәстүрлі өткізіліп келеді.

Ұлы Жеңістің жыл сайынғы атап өтілетін мерекелері қарсаңында, «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлеріне, сый-құрмет көрсетілді. Сондай-ақ, аталған жоба шеңберінде партия ардагерлерін еске алуға арналған теннистен және волейболдан облыстық турнирлер, сондай-ақ, ардагерлер арасында басқа да, спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылып келеді. Тоқсан сайын «Шипагер» бастауыш партия ұйымымен қариялар мен зейнеткерлердің үйлеріне барып, тегін дәрігерлік консультациялар беру жолға қойса, ал, «Жастар рухы» ЖҚ-ның қазалылық белсенділері  қарттардың үйіне барып, үй жинап, аула тазалап, шаруашылығына қолғабыс болып келеді.

Экологиялық жағдайды жақсартуға, көгалдандыруға, абаттандыруға және санитарлық тазартуға бағытталған «TazaLike» жобасы аясында бастауыш партия ұйымдарымен бірлесе тұрақты түрде сенбілік жұмыстар жүргізіліп келеді.

«Халыққа көмек» партиялық жобасы бойынша қоғамдық қабылдаулар өткізіліп, тұрғындарға материалдық, қаржылай тағы басқа көмектер жасалды. Сондай-ақ, дәстүрлі түрде атаулы мерекелер қарсаңында аз қамтамасыз етілген отбасыларға белсенді партия мүшелерінің қолдауымен «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында азық-түлік себеттері табысталды.

Партиялық бақылау комиссиясы бойынша бүгінгі күні аудандық партия филиалының жанында Партиялық бақылау комиссиясы жұмыс жасауда. Комиссия мүшелері 9 адамнан құралған. Төрағасы аудандық мәслихат депутаты, «Қазалы строй сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директоры Сарабеков Әділбек Сербайұлы бекітілді.

2024 жылдың 4 айы бойынша «AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалында партиялық бақылау комиссиясының 4  комиссия отырысы өткізіліп, 9 мәселе қаралып, 37 ұсыныс тиісті мекемелерге жолданды.

Партиялық бақылау комиссиясы Қазалы ауданы бойынша жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының сапасын да, үнемі назарда ұстап келеді. Қазалы ауданы бойынша жалпы, партиялық бақылау бекеттері партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында жүргізіліп жатқан құрылыстарға партиялық бекеттер жұмыс жасайды.

Есепті кезеңде сайлауалды бағдарлама аясындағы салынып жатқан құрылыс нысандарына 7 рет, ал, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, дәріханалар және жанар-жағармай бағасына 10 рет мониторинг жұмыстары жүргізілді.

Қазалы ауданы аумағындағы ашық жатқан люктерге, балалар ойнайтын аулалардың, мектепке баратын жолдардың қозғалыс қауіпсіздігіне, мектеп интернаттары мен асханалардың жай-күйіне партиялық бақылау жасалды.

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі өңірілік жол картасының Қазалы ауданы бойынша 3 айға орындалуы бір ізге қойылған. «Халықпен бірге!» атты сайлауалды бағдарламаны орындау аясында әзірленген өңірлік Жол картасына сәйкес, аудан бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі өңірілік Жол картасының Қазалы ауданы бойынша орындалу барысына жүйелі мониторинг жұмыстары ұйымдастырылған.

Орындалған іс-шара инвестициялық жоба, яғни, «Jankent Agro» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазалы ауданында күріш өңдеу зауытының құрылысы (құны 477,7 миллион теңге, қуаттылығы жылына 1000 тонна, 5 жұмыс орны). 2024 жылдың наурыз айынан толығымен жүзеге асырылып, жұмыс жасауда.

Ал, орындалу сатысындағы тармақтар қатарында бүгінде 1 мәдениет, 1 білім беру нысанының құрылысы және 1 газдандыру жұмыстары бар.

Атап айтар болсақ, Кәукей ауылындағы 100 орындық клуб құрылысы (құрылыстың орындалуы 80 пайызды құрады); Жанқожа батыр ауылындағы апатты деп танылған мектептің орнына «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан 300 орындық мектеп құрылысы (құрылыстың орындалуы 50 процент, құрылыс мерзімі 2023-2024 ж.ж.); 1500-ге жуық тұрғыны бар Сарыкөл ауылдық округінің Абай ауылындағы орамішілік газ желілерінің құрылысы (құрылыстың орындалуы 80 пайыз, құрылыс мерзімі өтпелі). Аталған барлық құрылыс нысандарына партиялық бақылау бекеттері орнатылған.

Сонымен бірге, агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспортын ұлғайту тармағына сәйкес, есепті кезеңде Қазалы ауданы бойынша барлығы 827,8 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталды. Атап айтқанда, 382,6 тонна ұсақ күріш, 279,3 тонна қамыс, 165,9 тонна балық өнімдері.

Жаңа жұмыс орындарын құру бойынша жыл басынан ауданда 1090 жаңа жұмыс орны ашылды.

«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» ұлттық жобасы шеңберінде субсидияланатын жұмыс орындарына 1012 адам жұмысқа орналастырылды (ақылы қоғамдық жұмыстарға – 859, жастар практикасына – 61, әлеуметтік жұмыс орнына – 59, күміс жасқа – 31, алғашқы жұмыс орнына – 5).

«Жер аманаты» партиялық жобасы аясында заңсыз берілген немесе пайдаланылмаған жерлер мен жайылымдарды мемлекет меншігіне қайтару бойынша 2024 жылдың 3 айында жер көлемі 1950 гектар болатын, 3 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Орындалуы 19,5 пайыз. Ал, «Ауыл аманаты» жобасы аясында биылға ауданға 698,1 миллион теңге қаржы қаралды. 87 жоба жүзеге асырылып, 102 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

«Дипломмен ауылға» жобасы тармағы бойынша 2024 жылға республикалық бюджеттен тұрғын үй сатып алуға немесе салуға 72 маманға 605488,0 мың теңге қаржы қаралып, осы жылдың маусым, шілде, тамыз және қыркүйек айларында игерілу жоспарлануда.

Есепті кезеңде аудан бойынша елді мекен көшелерін жөндеу, электр желілерінің тозу деңгейін төмендету бағытында да, тиісті жұмыстар жүруде. Көшелерді жөндеу бағытына сәйкес, Әйтеке би кентіндегі Жанқожа батыр және Әйтеке би көшелері автомобиль жолдарын реконструкциялау жұмыстары бар. Бүгінде ұзындығы – 2,4 шақырым жол кеңейтіліп, қайта жаңғыртылады.

Жол картасы аясында білім беру, денсаулық сақтау және спорттың қолжетімділігін арттыру бағыттарына сәйкес, белгіленген жоспарлар орындалуда. Сондай-ақ, партиялық жобалардың Қазалы ауданында тиімді жүргізілуі тұрақты бақылауға алынған.

Фракция жұмысы бойынша ағымдағы жылдың 19 наурызында өткен кезектен тыс мәжіліс және мәслихат сайлауында Қазалы ауданында 2 облыстық, 11 аудандық мәслихат депутаттары «AMANAT» партиясынан сайланды. Фракция мүшелерінің алдында тұрған маңызы зор міндеттің бірі – партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыруға атсалысу. Фракция құрамы жасақталған алғашқы күннен бастап, сайлаушыларға берген уәделердің орындалу тетігі қарастырылған сайлауалды бағдарламаны іске асыру мәселесіне және сайлаушылардан түскен ұсыныстардың орындалуына баса назар аударып келеді.

2024 жылдың 4 айында Қазалы аудандық мәслихаттағы депутаттық фракцияның 3 отырыс өтті. Өткізілген отырыстар бойынша партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясындағы аудандық және өңірлік Жол картасының орындалуы сияқты өзекті мәселелер қаралды.

Бүгінде фракция мүшелері қайырымдылық іс-шараларға да, белсенді атсалысып келеді. Депутаттардың бастамасымен тұрғындардың мәселесінің оң шешілуі барысында тозығы жеткен мектеп ауласына асфальт төселіп, ауылдық жердегі спорт алаңы жаңартылды. Сонымен қатар, шалғайда тұрғындардың жайылымдық жерлері бойынша мәселелер шешіліп, 100-ге жуық отбасының егістік жерлері дайындалып, жайылымдық жерлерді суару мәселесі шешіліп берілді.

Қоғамдық қабылдау бөлмесі бойынша партияның жергілікті жерлердегі негізгі тірегіне, түрлі мәселелерді талқылау алаңына айналған қоғамдық қабылдау бөлмесінің есепті кезеңдегі көрсеткіші бойынша, партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде партия филиалының төрағасы, атқарушы хатшысы, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары және дербес бөлім, кәсіпорын, мекеме басшыларының қатысуымен жеке және көшпелі, тақырыптық қабылдаулар өткізілді. 2023 жылы 442 тұрғын түрлі мәселелерімен жүгінді. Оның ішінде, оң шешімін тапқан өтініштер саны – 335-ті құраса, ал, заң аясында кеңестер беріп, түсіндірме жұмыстары жүргізілген – 107 өтініш тіркелді. Ал, 2024 жылдың 4 айы бойынша 235 өтініш тіркеліп, 185-і оң шешім, қалғаны – 50-і бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Қазалы ауданы әкімінің қабылдауын ұйымдастыруға байланысты Қазалы ауданы әкімінің және орынбасарларының партия алаңында тұрғындарды қабылдау жұмыстары жоспарға сәйкес жасалып келеді. 2024 жылдың І тоқсанына жоспарланған Қазалы ауданы әкімі М.З.Шермағанбеттің қабылдауы 28 наурызда өткізілді.

Мобильді қабылдау жоспарға сай жүргізілуде. Атап айтқанда, облыстық партия филиалының мобильді қабылдау тобының қатысуымен өткен жылы мобильді көшпелі қабылдаулар Арықбалық және Көларық ауылдық округтерінде өткізілді. Ал, осы жылдың мамыр айының ортасында Басықара және Құмжиек ауылдық округтерінде өту жоспарлануда. Мобильді қабылдау тобының мақсаты – ауыл тұрғындарының шағымдарын тыңдау, сонымен қатар елді мекендері дамыту бойынша нақты идеялары мен  ұсыныстарын жеткізуге мүмкіндік жасау болып саналады.

«Құқықтық көмек» жобасы аясында қабылдауға орай партия алаңында өткізілген «Құқықтық көмек» жобасы бойынша тақырыптық қабылдау Қазалы аудандық сот, прокуратура, полиция бөлімдердің қызметкерлері, аудан бойынша кірістер басқармасы өкілдерінің, заңгерлердің қатысуымен өткізілуде. Қабылдаулар барысында 15 өтініш тіркелді. Оның сегізіне құқығын қорғау бойынша сүйемелдеу шаралары жүргізілсе, жеті тұрғынға кеңес берілді.

Сайлаушылар тарапынан сайлау кезінде түскен ұсыныстар бойынша кезектен тыс Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары сайлауының үгіт-насихат кезеңінде Қазалы аудандық қоғамдық штабының қабылдау бөлмесіне 126 ұсыныстар (НАКАЗ) келіп түсті. Бүгінде сайлаушылар тарапынан түскен талап-тілектер мен ұсыныстарға фракция мүшелері жауапты ретінде бекітіліп, қазіргі таңда 106-ы орындалып, 20-ы орындалу үстінде. Орындалу сатысында тұрған ұсыныстардың біршамасының бүгінге жоба сметалық құжаттары әзірленген. Сондай-ақ, бірқатарын демеушілік есебінен шешу жолдары қарастырылуда.

«Жер аманаты» партиялық жобасы аясында заңсыз берілген немесе пайдаланылмаған жерлер мен жайылымдарды мемлекет меншігіне қайтару бойынша 2024 жылдың 3 айында жер көлемі – 1950 гектар болатын, 3 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Орындалуы – 19,5 пайызды құрады.

«Ауыл аманаты» жобасы аясында биыл ауданға 698,1 миллион теңге қаржы қаралды. 87 жоба жүзеге асырылып, 102 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Бүгінде аудандық партия филиалында жоба аясында «Ақпараттық қолдау» орталығы ашылып, жұмыс жасауда. Орталық аясында жоба бойынша қабылдаулар өткізіліп келді.

Ауыл әкімдерінің сайлауы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында ауыл әкімдерін тікелей сайлауды енгізу қажеттігі туралы айтқан болатын. Өткен жылы өткізілген Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы, Майлыбас, Бірлік, Көларық, Қызылқұм, Шәкен, Арықбалық және Басықара ауылдық округі әкімдерінің тікелей сайлауында партия атынан ұсынылған кандидаттар ауылдық округ әкімдері болып сайланды.

Фото: egemen.kz

Тағы да оқыңыз: