Kyzylorda-news.kz Эко-сарапшы марқұм қызы туралы айтты. 

Қазақстандық эколог Евгений Мұхамеджанов қайтыс болған жасөспірім қызы туралы жазба қалдырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Сұрақ тым көп, ауыр қайғы. Жүрегімнің бір бөлігін жұлып кетті. Болған оқиғаның егжей-тегжейі туралы, одан қалды сұхбат беру туралы менен сұрамаңыздар. Балам қайтыс болды, болған жағдайды өзгерте алмаймыз. Қолдау білдіріп жатқандарыңызға рақмет», - деп жазды экосарапшы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, 16 қыркүйек күні Алматыда 7-сынып оқитын екі қыз көпқабатты үйдің шатырынан құлап көз жұмды.  

Коллаж: inbusiness.kz

Тағы да оқыңыз: