Kyzylorda-news.kz  Жылдың аяғында ресми түрде іске қосылмақ.

Қазақстанда елдегі жоғары оқу орындарында білім алу үшін пайызсыз несие беру жоспарланып отыр. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді. Бұл туралы aikyn.kz хабарлады. 

"Биыл төрт жаңа құрал жоғары білімге қолжетімділікті кеңейту үшін іске қосылып жатыр... Тағы бір құрал – биылдан бастап, жылдың аяғында оны ресми түрде іске қосамыз, бірнеше екінші деңгейлі банктер және қаржы орталығымызбен бірлесіп, заңнамалық түрде пысықтаған пайызсыз несие беру іске қосылып жатыр,  пысықтау аяқталып жатыр. АҚШ-тағыдай жоғары білім алу үшін пайызсыз несие алуға болады", – деді Саясат Нұрбек.

Фото: www.istockphoto.com

Тағы да оқыңыз: