Kyzylorda-news.kz Оқу-әдістемелік бөлімнің ұйымдастыруымен 2023-2024 оқу жылы бойынша өткізілген «Жетістік шыңы-2024» әдістемелік марафонын қорытындылау шарасы өтті. 

Шараның мақсаты – колледж оқытушыларының кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыру,шығармашылық қабілеттерін шыңдау. 

Аталған шара аясында «Үздік сабақ жоспары» байқауы, «Педагогикалық портфолио» байқауы,  «Педагогикалық дебют-2023» жас мамандар арасындағы байқау,  «Инновация. Білім. Тәжірибе» ашық сабақтар фестивалі, «Үздік ғылыми жоба-2024»,  «Үздік арнайы пән оқытушысы-2023», «Үздік жалпы білім пәндері оқытушысы-204» байқаулары, «SMART-педагог» байқауы, «Педагогикалық идеялар» көрмесі сияқты ауқымды жұмыстар ұйымдастырылды. 

Жиын барысында колледж директоры Жақсыгүл Қоханқызы сөз алып, жыл бойы нәтижелі жұмыс істеген ПЦК жетекшілеріне алғыс білдіре отырып, үздік жұмысы үшін жоғары жетістік көрсетіп, «ҮЗДІК ПЦК - 2024» атанған «Қазақ тілі мен әдебиеті, әдістемелерімен» ПЦК – сын марапаттады. Сондай-ақ жыл бойы еңбек етіп, әдістемелік марафонға атсалысқан басқа да ПЦК жетекшілеріне арнайы Алғыс хаттар табысталды. 

Өз кезегінде директордың оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Дана Ділдәбекқызы әдістемелік шарада белсенділік танытып, түрлі бағытта жұмыс көрсеткен барлық ПЦК жетекшілері мен оқытушыларына өз ризашылығын білдірді.


Қорлан САРЫ
Фото:aqmeshit-zhastary.kz

Тағы да оқыңыз: