Kyzylorda-news.kz.  Қазалылық жас кітапханашы Ұлдана Қалиқызы ең алғашқы жұмыс тәжірбиесін Ыбырай Алтынсарин атындағы №204 орта мектепте кітапхана меңгерушісі болып бастады. Аталған киелі шаңырақта жұмыс жасап жатқанына сегіз жыл болып қалды. Осы уақыт арасында мектеп оқушыларының кітап оқуға деген қызығушылығын ояту мен дамыту жұмыстарымен айналысып келеді. 
  – Мектепшілік іс-шараларға белсене араласып, өз білгенімді қызметкерлермен бөлісіп оларданда үйренерім аз емес. Мектеп ішінде «Кітап апталарын» өткізіп оқушылармен бірге ертегілер әлеміне саяхат жасап, кітап оқуға деген қызығушылығын ояту жұмыстарын жүргізудемін. 1996 жылдың 15 шілдесінде Қызылорда облысы Қазалы ауданы Қазалы қаласында дүниеге келдім. Қасиетті қара шаңырақ Максим Горкий атындағы №16 мектеп табалдырығын 2003 жылы аттадым. Дарынды дара ұстаздардың білімімен сусындап 2014 жылы мектепті бітіріп өзім қалаған мамандық иесі болу мақсатында 2014 жылы Мәншүк Мамедова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжіне кітапхана ісі мамандығын 2016 жылы тәмәмдадым. 2019 жылы Қызылорда облысындағы Болашақ универсетін кітапхана ісі саласы бойынша жоғары деңгейде тәмәмдадым, – деді Ұлдана Ақбай. 
Ұлдана Қалиқызы өз ісіне берілген, нағыз маман иесі. Оның ұйымдастырушылық қабілеті мен жұмысқа деген жауапкершілігі жоғары. Әр кездері тиянақтылығы мен тындырымдылығы, іскер еңбегі бағаланып, жыл сайын жетістіктер қоржынын толтырып келеді. 2021 жылы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге және «Тіл сақшысы» газетінің таралымын көбейтуге қосқан үлесі үшін облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы С.Аңсатовтың Алғыс хатымен марапаталды. 2022 жылы «Халықаралық Білім академиясының» желтоқсан айында ұйымдастырған республикалық балалар байқауына шәкірттеріңізді жоғары деңгейдегі дайындығыңыз үшін «Халықаралық Білім академиясы» басшысы Д.К.Койбагарованың Алғыс хатын алды. Аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен 2022 жыл – Балалар жылы аясында Британдық жазушы Ж.К.Роулиңнің шығармаларынан өткізілген «Үздік Портер» атты байқауына оқушысы Қуаныш Жанель қатысып, ІІІ-орын Диплом қағазымен марапатталған. ҚР Оқ-ағарту министрлігі және Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 25 қазан – Республика күніне орай «Менің Республикам» атты челленджіне қатысқаны үшін Жақсұмұрат Әзиза, Ермұрат Бахар Алғыс хат қағазын иеленді. Мұғалімдер күні мерекесі қарсаңында Мектеп директоры Л.Ізбасқан және Кәсіподақ ұйымының төрайымы Р.Жұмағазиеваның Алғыс хат қағазымен, Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Ә.Жөлекешовтың алғысымен, «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік сайытында оқу әдістемелік материал жариялағаны үшін «Ustaz tilegi» ғылыми – әдістемелік орталығының директоры С.А.Джамбулованың алғыс хатыменмарапатталды.
2023 жылда Ұлдана үшін табысты болды. Жаңашыл идеяларды жүзеге асырып, заман ағымына қарай тың ойларын жұмыс барысында сәтті қолдана білетін маманның қиялы шексіз. Сонысынан болар оның әрбір орындаған тапсырмасы, өткізген кеші көптің көңілінен шығып, ерекше қолдауға ие болады. Ол аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Кітап жанашыры» номинациясымен белсене қатысқаны үшін И.Назарованың алғыс хатымен марапатталған. ҚР Оқу-ағарту министірлігінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 бұйрығына сүйене отырып, «Akberen Education» – Ақберген республикалық танымдық – шығармашылы журналы ұйымдастырған қазан-қараша айындағы Республикалық «Мақатаев оқулары» конкурсына қатысып, жүлделі бірінші орын Болатбек Камшат оқушысы марапатталды. Аудандық балалр кітапханасының ұйымдастыруымен жергілікті ақын-жазушылардың шығармаларынан «Қазалым –  ұлағатты ұлылардың ұясы» атты поэзия сағатына белсене араласқаны үшін аудандық орталыұтандырылған кітапханалар жүйесі КММ директоры И.Назарованың алғыс хатын алды. Аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен жас оқырмандар мен оқушылар арасында «Шәкәрім оқулары» атты байқауында оқушысы Ертарғын Дельназ үшінші орын иеленді. Республикалық педагогтардың ғылыми-әдістемелік және өнер-білім орталығы ұйымдастырған республикалық «Мағжан оқулары» мәнерлеп оқу сайысында оқушылары Балтабай Бағжан және жетекшісі Алғыс хатпен марапатталды. «Кітапхана – озық тәжірибе зертқанасы» тақырыбында тәжірибе алаңына қатысып, «Кітап-тарих, кітап-шежіре» тақырыбында жұмыс көрсеткені үшін орталық директоры Асқаровтың Сертификат қағазын алған. «Серіктес директорлар» лигасының іс-шаралар жоспары аясында өткізілген «Мобильді кітапхана-кітап оқуды дамытудың көшбасшысы» тақырыбындағы аудандық семинарда озық іс-тәжірибесімен бөліскені үшін үздік деп танылды.
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай балалар мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған «Әдеби коктейль» байқауында «Батырлар жыры» бойынша оқушысы Зейнадин Фархат үшінші орын иеленді. «Аброй» интелектуалды білім парталы ұйымдастырған Республикалық «Ілияс оқулары» байқауына оқушылары қатысып бірінші орын Қарлыбай Дәурен, бірінші орын Асылбек Абылай, екінші орын Зейнадин Шаһзада, екінші орын Аманқос Ақзер марапатталған. Жетекшісі алғыс хатпен марапатталды. «Абайтану» олимпиадасына «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша оқушылары Жеткерген Фариза бас жүлде, Ержан Ернұр бас жүлде, Бақбергенова Жұлдызай бірінші орын, Мыңболсын Кәусәр бірінші орын, Шорабай Байтөре бірінші орын жәнеде жетекшісі құрмет грамотасы және Алғыс хатпен марапатталды. Халықаралық М.Мақатаев шығармашылығын мінерлеп оқу онлайын байқауында оқушылары Сырлыбай Жарбол бірінші орын, Садуахас Сымбат екінші орын иеленген. Аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Үздік оқырман» номинациясы мен оқушысы Абдуллақызы Жаннұр марапатталған. Республикалық педагогтардың ғылыми әдістемелік және өнер-білім орталығы «Әбіш оқулары» тақырыбындағы балалар шығармашылығына арналған байқауға оқушысы Қайратұлы Мақсат қатысып бірінші орын алды.Республикалық «Мұқағали мәңгілік ғұмыр» байқауына қатысып оқушысы Болатбек Құндыз бірінші орын және жетекшісі Алғыс хатпен марапатталды. «Халықаралық Білім академиясы» ұйымдастырған «Қысқы пейзаж» балалар байқауына қатысып оқушысы Таңатар Инабат бірінші орын иеленген. Республикалық «ПЕДСТАРТ – 2023» байұауында заманауи білім беру тәжірибелерімен бөлісіп, «Үздік кітапханашы» номинациясы бойынша үшінші орын С.Шәмшиеваның Дипломмен марапатталған. Республикалық «ПЕДСТАРТ – 2023» байқауында заманауи білім беру тәжірибелерімен бөлісіп, «Үздік мақала» номинациясы бойынша бірінші орын С.Шәмшиеваның Дипломмен марапатталған. Республикалық «ПЕДСТАРТ – 2023» байқауында заманауи білім беру тәжірибелерімен бөлісіп, жұмысы «Үздік» деп танылғаны үшін бірінші орын С.Шәмшиеваның Дипломмен марапатталған. С.Торайғыровтың туғанына 130 жыл толуына орай «Сұлтанмахмұт Торайғыров: Ағартушылық идиялар мен педагогикалық көзғарастары» тақырыбындағы конференцияда «Үздік»деп танылғаны үшін оқушысы Болатбек Құндыз Ж.Т.Серғазықызының дипломын иеленді.
Аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен өткізілген «Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен» атты кешке оқушысы Төреханов Құдірет белсене араласқаны үшін аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі КММ директоры И.Назарованың алғысымен марапатталған. Республикалық «Педагогикалық идиялар фестивалі» байқауында «Үздік кітапханашы» номинациясы бойынша заманауи білім беру тәжірибесімен бөлісіп, жұмысы «үздік»деп танылғаны үшін ІІ орын дипломмен марапатталған. Аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен халық ақын Байназар Өтепұлының «Халқына қадірменді сөзі жеткен» атты жыр мүшайрасынан оқушысы І орын Алғыс хатымен марапатталған. Халықаралық білім академиясы ұйымдастырған «Өнерлі өрге жүзер» атты балалар байқауында көркем сөз бағыты бойынша қатысып, оқушысы Нысанжан Нұрай І орын, Қайратов Айсұлтан І орын иеленді. Республикалық «Ұранды елдің ұрпағы қайсар» байқауына қатысып Ж.Т.Серғазықызының алғыс хатымен марапатталған. ҚАЗҰУ тарих факультетінің алғыс хатымен марапатталған. А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының «Certificate of Appreciation Media Literacy for Lidrarians» марапатталған.
«Кітапхана жұмысы: Жаңа ізденіс, жаңа талап» облыстық семинарға қатысып, «Мобильді кітапхана» тақырыбында жұмыс көрсеткені үшін С.Асқаровтың сертификаты мен марапатталған. «Цифрлық дәуір талабы заманауи кітапхана» тақырыбындағы бағдарлама бойынша қырық сағат курысын аяқтағаны үшін А.А.Баймаханованың сертификатымен марапатталған. «Мектеп кітапханашыларының кәсіби даму жүйесінде медия ақпараттық сауаттылықты қалыптастыру» тақырыбы бойынша 80 академиялық сағат көлемінде аяқтағаны үшін Б.Т.Елеусинованың сертификатымен марапатталған. Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, суретші, спортшы Қуантай Ршымбетовтың туғанына жетпіс жыл толуына орай ұйымдастырылған «Құдіреті мол қылқалам» тақырыбындағы сурет сайысына оқушы қатыстырғаны үшін Ұлдана Ақбай және оқушылары Абдулла Нұрқанат алғыс хатымен және оқушысы Сақтапберген Айнамкөз екінші орын аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры И.Назарованың арнайы алғысын алды.

Тағы да оқыңыз: