Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласында Қазақстан Халық партиясының бастамасымен өткен республикалық «Еңбек адамы – 2025» байқауының жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталды.

Байқаудың негізгі мақсаты – еңбекті қоғамдағы ең жоғары құндылық ретінде насихаттау және жұмысшы мамандығы иелерінің ел дамуына қосқан үлесін дәріптеу. Жобаға барлық аудан және қаладан еңбек адамдары атсалысып, өздерінің кәсіби шеберлігін паш етті.

Марапаттау рәсімінде облыстық қоғамдық даму басқар­масы­ның басшысы Руслан Қаюпов еңбек адамдарының қоғамдағы орны туралы ой бөліссе, ақын, Мәдениет қайраткері, Қызылорда облысының құрметті азаматы, «Қоғам ТВ» телеарнасының құрылтайшысы Шаһизада Әбдікәрімов олардың ел дамуы жолындағы рөліне тоқталды.

Қазақстан Халық партиясы Қызылорда облыстық филиа­лының төрағасы Қайрат Ерназаров жеңімпаздарға «Еңбек майталманы» медалін, сондай-ақ түрлі номинация иегерлеріне Ал­ғыс хаттар табыстап, ізгі лебізін білдірді.

Марапат алғандардың қатарында егіншілер, құрылысшылар, дәрігерлер, мұнайшылар және өз саласында үздік нәтиже көр­сеткен өзге де еңбек адамдары бар.

Іс-шара аясында партия қатарына жаңадан қабылданған азаматтарға партиялық билеттер табысталды. Бұл қадам олардың ел дамуына үлес қосуға және халық игілігі үшін аянбай еңбек етуге деген дайындығын білдіреді.

Шара қорытындысы тек марапаттау рәсімі ғана емес, еңбектің қадір-қасиетін дәріптейтін, еңбек адамдарына құрмет көрсететін мереке ретінде бағаланды.

Тағы да оқыңыз: