Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қазалыда аудандық прокуратураның бастамасымен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселесіне байланысты «Ашық есік күні» өткізілді.

Кездесудің негізгі мақсаты – кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік бағдарламалар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу және аудан көлемінде жаңадан балабақша ашу мәселелерін қарастыру.

Білім бөлімінің мәжіліс залында өткен кездесуге аудан прокуроры Д.Әбіш, Қазалы ауданы бойыншы білім бөлімінің басшысы Ә.Жөлекешов,аудан әкімі аппаратының басшысы Р.Тілеп және жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен білім бөліміне қарасты 30-ға жуық аудан көлеміндегі балабақша меңгерушілері қатысты. 

Кездесуді аудан прокуроры Д.Әбіш  ашып, бүгінде мемлекет тарапынан бизнеске жасалып жатқан мүмкіндіктерді кәсіпкерлік саласын дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалардың кеңінен насихаттауды қажет екендігін атап өтті.

Сондай-ақ аудан көлемінде жаңадан балабақшалар ашып, кәсіпкерлікті қолдау қажет екендігін жеткізді.

Жиын барысында Төтенше жағдайлар бөлімі және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының өкілдері баяндама жасап, кәсіпкерлерге заң аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесудің соңында аудан прокуроры  кәсіпкерлерден туындаған сұрақтарға жауап беріп, аталған жиналыстың ауқымдылығын ескеріп, алдағы уақытта кең көлемде өткізілетіндігін ескертті.

Тағы да оқыңыз: