Kyzylorda-news.kz Қармақшы ауданының білім бөліміне қарасты №186 орта мектебінде жақында "Алтын балалық шақ" декадасы және "Бала еңбегін қанаудың 12 күні" ұлттық ақпараттық науқаны аясында "Тәрбие негізі – ұлттық құндылықта" тақырыбында ашық есік күні өткізілді. Іс-шараға аудандық білім бөлімінің әдіскері Ақтолқын Тоқшылықова, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Гүлнар Төлепбергенова, аудандық ата-аналар кеңесінің төрағасы Мағауия Әлиев, аудандық жастар орталығының психологі Әмина Кетебаевалар қатысты.

Шара барысында "Құтты мекен – Қуаңдария" этнолагерінің тынығушылары ұлттық дәстүр-салтымызды ұлықтайтын "Ата кәсіп –ұрпаққа нәсіп" тақырып аясында «Аталар мектебі» мүшесі Қыстаубай Кетебайұлы атаның қолөнерімен, "Мен әжемін ұрпағымды әлдилеген" тақырыпта «Әжелер мектебінің» мүшелері, ата аналар комитетінің төрайымы Роза әже және Баян әже, Гүлзира әжелер лагерь тынығушыларына «жүн түту», «ұршық иіру», «құрақ құрау» жайында шеберлік сыныптар көрсетті.

Спорттық лагерь тынығушылары "Бес асық", "Гір көтеру", "Асық ату" ойындарынан жарыс өткізді.

Қазақтың ұлттық тағамдарынан «Жеңгелер мектебінің» мүшелері қыздарға ұлттық тағамдардың жасалу жолдарын көрсетіп, ұмытылып бара жатырған салт-дәстүрлерімізді жаңғыртты.

Тағы да оқыңыз: