Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы «Шаттық» балабақшасында «Жазғы іс-шараларды ұйымдастырудағы ойын түрлерінің рөлі» тақырыбында семинар өтті. Оған қалалық білім бөлімі бастауыш кәсіподақ төрайымы  Орынша Алимбетова, білім бөлімінің әдіскері Ақерке Мұратбаева семинар жұмысын ашып берді.

Семинар ойын арқылы балалардың логикалық ойлауын, танымдық, шығармашылық, еңбек әрекетін дене және қимыл белсенділігін ұлттық ойындарға қызығушылықтарын арттыруды мақсат тұтады.

Бүгінгі іс-шара барысында «Солнышко» «Сказка про дружбу» тақырыбында ертегі жазып ерекше күтімдегі балалар ертегіні рөльдерге бөліп ойнады. Ересек «Достық» тобында ұлттық ойындарымызды жаңғырту жас ұрпақтың бойына сіңіру мақсатында «Бестемше ойыны» түрлі нұсқада ұсынылды семинарға келген қатысушыларымыз да қызыға ойнады. Ортаңғы «Қуаныш» тобында «МАРБЛС» тастары арқылы баланың танымын дамыту ойындары ойнатылды. «МАРБЛС» тастарының ерекше күтімді қажет ететін балаларға емдік қасиеті өте зор. Педагог психолог және дефектолог мамандары «Ғажайып аралға саяхат» жасап балаларға қызықты ойындар ойнатты. Ортаңғы «Бақыт» тобында «Гүлдер әлемі» тақырыбында ата-анамен мальбертке және дәстүрден тыс сурет салу жұмыстары ұсынылды. Дефектолог, тифлопедагог мамандары «Бізді қоршаған әлем» тақырыбында балаларды педагогикалық психологиялық қолдау арқылы бейімдеу жұмыстарын көрсетті. Ересектер «Радуга» тобында «Летние спортивние состязания» спорттық сайыс түрлері өткізілді», - дейді балабақша меңгерушісі. 

349316570_270963278663142_6770473094605385472_n.jpg

 

349564645_290522613301447_7384259311933993456_n.jpg

 

349610407_227840663366603_4340879311388936740_n.jpg

 

349143637_709552737601858_5898092459762196806_n.jpg

Тағы да оқыңыз: