Kyzylorda-news.kz Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Жасанды интеллект институты директорының орынбасары Әсия Әлиасқар «Орхун» халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 9-13 қараша аралығында Түркияның Фырат университетіне академиялық сапармен барды.

Сапар аясында Әсия Әлиасқар Фырат университетінің «Жасанды интеллект және деректер инженериясы» мамандығының 2-курс студенттеріне дәріс оқыды. Дәріс барысында жасанды интеллект саласының болашағы, заманауи даму бағыттары, жаңа технологиялық мүмкіндіктер және оларды түрлі салаларда қолдану мәселелері сөз болды.

Сонымен қатар университетте ұйымдастырылған ғылыми конференциялар мен академиялық іс-шараларға қатысып, шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасуда. 
Академиялық сапар екі жоғары оқу орны арасындағы байланысты нығайтуға, жасанды интеллект саласындағы ғылыми идеялармен алмасуға және алдағы бірлескен жобалардың бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.

Тағы да оқыңыз: