Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы тарапынан, арнаулы орта және жалпы білім беретін оқу орындарының оқушы, студеттері үшін «Жас ұрпаққа туындаған жаңа қауіп – синтетикалық есірткі заттар» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Семинар-тренингтің мақсаты: нашақорлыққа байланысты проблемаларды анықтау және есірткі мен басқа да психоактивті заттарды алғашқы қолданудың алдын алу.
Есірткіге тәуелділіктің алдын - алудың басты ерекшелігі-жасөспірімдерге психоактивті заттарды қолданудың әлеуметтік салдарларын түсіндіру, себебі медициналық салдары туралы жасөспірімдер біледі. Профилактикалық жұмыстың ең тиімді әдісі тренинг сабақтары болып табылады.
Семинар-тренинг жастар мен жасөспірімдер аудиториясымен жұмыс істеудің негізгі әдістемелік талаптарын ескере отырып, аудиториямен «тең дәрежеде» қарым - қатынас жасалуды қолданылды.
Кездесу барысында, балалардың нашақорлық проблемасы туралы хабардар болу деңгейін арттыру, нашақорлыққа көзқарасын өзгерту, «Есірткіге жоқ!» деп айта білу және денсаулықты сақтауға уәждемені қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілді. Семинар-тренингтерге 10000-нан астам оқушы, студент қатысты.