Kyzylorda-news.kz.   Қызылорда қаласындағы№9, 10 дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицейлерінің базасында жас мамандарға арналған «Жас мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру: ізденіс және тәжірибе» тақырыбындағы облыстық семинар өтті.

Оқу үдерісінде жас маманға көмек көрсетіп, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін меңгерту және тәжірибелерін дамытуды мақсат еткен облыстық семинарға республикалық, өңірлік форумдардың жеңімпаздары, оқушылары пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар сайыстарында жүлдегер атанған 40-тан астам жас педагогтер қатысты.

Семинарда ең алдымен жас мамандар жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша ұйымдастырылған «Білім және денсаулық» көрмесімен танысты. Мұнан соң мұғалімдерге «Жоба негізінде оқыту» әдісінің тиімділігі түсіндіріліп, түрлі зертханалық жұмыстар арқылы білім алушыларды ғылымға бағыттау және функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары практика жүзінде көрсетілді.

Үздік жас мұғалімдердің басын қосқан жиын соңында олимпиада нәтижесі бойынша көш бастап тұрған білім ордаларының ұстаздары «Оқушыларды олимпиадаға дайындаудың тиімді әдіс-тәсілдері», «Әдіс-тәсілдер қоржыны», «Айда тірі қалу», «Құндылықтарға негізделген мектеп» тақырыптарында коучингтер өткізіп, тәжірибелерімен бөлісті.

335888474_212639958100508_7184265099911096173_n.jpg

 

335892691_191541900248453_5276819462926911136_n.jpg

 

335869170_922105715582676_3878524487315780898_n.jpg

Тағы да оқыңыз: