Kyzylorda-news.kz «Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы» КММ-нің «Сотсыз татуласу орталығы» қызметін қамтамасыз ету әлеуметтік жобасы аясында Мектептік медиацияны дамыту мақсатында жалпы білім беру мекемелерінен білім алушылар арасында «Жас бітімгер – 2024» интеллектуалды байқауы өткізілді. Білім сайысының мақсаты – жаһандану заманында бәсекелестік бәйгесінен қалмайтын ұшқыр ойлы интеллектуалды жастарды дәріптеу, олардың мүмкіндіктерін көрсету. Білімді, коммуникативті, креативті, ізденгіш әрі тапқыр тұлғаларды анықтау болып табылады. 

Білім сайысына қала мен аудан мектептерінің 8-10 сынып оқушылары қатысты. Сайыс 5 кезеңнен тұрады. Бірінші кезең «Блиц сұрақтар». Гугл платформасын пайдалана отырып, берілген сұрақтарға жылдам әрі дұрыс жауап берулері қажет. Екінші кезең «Пазл», яғни қатысушы топтарға фотолар беріледі. Фотоларды даудың сатыларына байланысты жинақтаулары қажет. Үшінші кезең «Ақындық өнер». Әр топ медиацияға қатысты 1 шумақ өлең шығарып, оқулары қажет. Төртінші кезең «Шешендік өнер», ең соңғы бесінші кезең «Үй тапсырмасы», алдын-ала берілген тақырыптардың біреуін таңдап, 45-50 секундтық бейнеролик дайындап келулері қажет. Сұрақтар Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Медиация туралы» Заңынан алынады. Тәуелсіз Қазақстан тарихы жайлы сұрақтар да қойылды.

Байқауда Қоғамдық даму басқармасының ҚХА хатшылығы, этносаралық мәселелері жөніндегі бөлім басшысы – Алиева Айгерім Икрамқызы, Әли Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейінің педагог-психологы – Бекбембетова Жанат Бурхановна және «Бітім» медиация орталығы» ҚБ-нің директоры – Мирамбекқызы Жанна төрелік етті.
Қатысушылардың барлығы «Алғыс хатпен», жүлделі орын иегерлері «Дипломмен» марапатталады және жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды.

b028b42c-22e0-47a3-97b5-05083c6bfcd5.jpg

Тағы да оқыңыз: