Kyzylorda-news.kz  Қазалы ауданы, Тасарық ауылындағы №238 орта мектепте 2022 жылы «Учебный мир» компаниясы есебінен заманауи үлгіде химия кабинеті жабдықталып, пайдалануға берілді. Химия кабинеті «Жаратылыстану» бағытында лабораториялық құралдармен және сенсорлық экранмен оқушыларға сабақ өткізу мүмкіндігі жасалған. Лаборатория бөлмесінде зертханалық жұмыстар жүргізіліп келеді, зертханалық жұмыстар жүргізуге барлық құрал жабдықтармен қамтылған. Жалпы, бұл кабинетті оқушы партасы, оқушы үстелі және зертханалық құрал жабдықтармен қамтыған.

1970 жылдың қыркүйек айында ауылдан алғашқы төрт класстық бастауыш мектеп ашылған. Алғашқы ұстаз Шобдар Ержанов болған, мектепте отыздан астам бала білім алған. 1973 жылы сол кездегі ауыл басшысы Жалғасбай Аханов атамыздың мұрындық болуымен ауылдан мектеп құрылысы салынып, осы жылдың қазан айынан бастап, бұрынғы бастауыш мектеп сегіз жылдық мектепке айналған, бірақ сегізінші сыныпта бала саны жетіспеуіне байланысты алғашқы жылы жеті сынып болған. Мектепке №238 «Коммунизм» сегіз жылдық мектебі деген атау берілген. Мектептің алғашқы директоры Ерғали Кәрібаев, оқу тәрбие ісі меңгерушісі болып, Жұмағали Ниязымбетов тағайындалған. Мектепте алғашқы жылдарда ұстаздық еткен мұғалімдер: Шобдар Ержанов, Патима Кәрібаева бастауыш сынып мұғалімдері: Айнагүл Биманова география, Жұмағали Ниязымбетов қазақ тілі, Набатбай Сәдуақасов орыс тілі, Жанымкүл Мылтықбаева тарих, Ерғали Кәрібаев математика, Әнуәрбек Әбдімұратов дене тәрбиесі, Мұсабек Каримов еңбек пәндерінен дәріс берген. Келер оқу жылында бұл құрамда Құттыбай Аханов математика, Набат Өтепбергенова бастауыш сынып тағыи басқа жас кадрлармен толыққан. Ерғали Кәрібаев бұл білім ордасын 1981 жылға дейін басқарған бұл жылдарда мектептің техникалық базасы нобайын мектеп жанынан шопан балаларына арналған 50 балалық интернат ашылған. Бұрынғы мектеп басшыларына интернат үйі осы жылдары мектеп интернаты облыстық үйіне айналдырылған. Бір айта кетерлігі соцалистік жарыстың жеңімпазы ауыспалы қызыл ғимарат әлі күнге дейін пайдалануға бірнеше рет жеңіп алды. Жарамды, қазіргі әкімшілік үйі осы ғимаратты пайдаланып отыр. Сол кезеңдерде мектептегі бала саны – 150-ге жеткен мектеп жанына интернат үйіне арнап, қосымша құрылыс салынған. Мектеп жаңа жас кадрлармен толыққан. 1981 жылдың қыркүйек айынан 1983 жылдың тамыз айына дейін мектеп директоры қызметін Сәрсен Сейілов атқарды. Оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Құттыбай Аханов болды.

1983 жылдың қыркүйек айынан 1988 жылдың наурыз айына дейін мектеп директоры қызметін Бақытжан Шаханов атқарды. 1988 жылдың сәуір айынан 1989 жылдың қыркүйек айына дейін Жетібай Тақманбетов 1989 жылдың қыркүйегінен 2005 жылдың қыркүйегіне дейін Аманбай Есетов директор қызметін атқарды. Бұл аралықта мектепте бірнеше кадрлық өзгерістер болды. 2000 жылдың қыркүйегінен бастап, мектеп орта мекемеге айналды. Қоғамдағы өзгерістерге байланысты мектеп жанындағы интернат жабылды. 2005 жылдың қыркүйек айынан 2007 жылдың қараша айына дейін мектеп директоры қызметін қайтадан Жетібай Тақмамбетов атқарды. 2007 жылдың желтоқсан айынан 2009 жылдың ақпан айына дейін Жарқынбай Қалымбетов 2009 жылдың наурызынан 2014 жылдың сәуір айына дейін Құттыбай Аханов, 2014 жылдың қыркүйегінен 2018 жылдың тамыз айына дейін Нұрсұлтан Құламетов 2018 жылдың қаңтар айынан  2020 жылдың қыркүйегіне дейін Айдос Имановтар мектеп директоры қызметін атқарды. 2020 жылдың қыркүйегінен 2021 жылдың қыркүйегіне дейін мектеп директоры міндетін уақытша атқарушы Тойбазар Бөлебаев атқарды. 2021 жылдың қыркүйегінен бастап, бұл қызметті Әлия Талғатбекқызы Кеулімжай атқарып келеді.

Қазіргі таңда №238 мектепке қарасты «Тасөткел» бастауыш сыныбын және МАД тобын қоса алғанда – 112 бала білім алады. Мектепте – 37 мұғалім, 30 кіші қызметкер және мектеп жанынан құрылған «Қуаныш» шағын орталығында – 10 қызметкер жұмыс жасайды.

Сонымен қатар, 2022-2023 оқу жылында, (11.04.2022ж. күнгі №5 педагогикалық кеңестің шешімімен) атаулы үш бөлме ауылдағы еңбектері елге белгілі, ауыл ақсақалдарының атына беріліп, ұрпақтары жабдықтап пайдалануға берілген. Атап айтар болсақ, 2022 жылдың 11 сәуірі күнгі №5 педагогикалық кеңестің шешіміне сәйкес,Тасарық ауылындағы тарихы ғасырлармен үндескен киелі қара шаңырақ №238 орта мектебінде көп жылдар бойы осы білім ордасының жарқыраған маңдайшасына айнала білген үлгілі ұстаз, білікті басшы Кәрібай Ерғали Биманұлы атындағы ұстаздар бөлмесі ашылып, пайдалануға берілді. Тарих – бұл Сіз бен Біз: өскен ортаң, оқытқан ұстазың, ұшқан ұяң, айтылған сөзің, қалдырған ізің, қолтаңбаң, елің үшін жасаған игілі істерің болмақ. Тарих осынысымен қымбат. Ардақты азамат, абыройлы ұстаз Кәрібай Ерғали Биманұлы осынау киелі қара шаңырақта ұзақ жылдар бойы аянбай еңбек етіп, ұрпақ тәрбиесіне сүбелі үлес қосып, ұлағатты ұстаздық қолтаңбасын қалдыра білді. Абзал азаматтың ұрпақтары аталған бөлмені талапқа сай заманауи үлгіде жабдықтап, бала жанының бағбандары ұстаздарды зор қуанышқа бөледі. Еңбек ардагерлері, ұрпақтары және аудандық білім бөлімінің өкілі А.Бейсенбай, аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Әбілқасым Раман ұстазға берілген арнайы тақтаның ашылу рәсімін жасап, лентасын қиды. Шара барысында Ерғали ұстаздың бойындағы қадір-қасиеті, сіңірген еңбегі, өмір жолы насихатталып, оқушылармен өткен тәрбие сағатында ата-ана қадірі, ұрпақтар сабақтастығы, адамгершілік мінез-қылықтар үлгі етілді. 1973 жылы №238  «Коммунизм» сегіз жылдық мектебі деген атау беріліп, ашылғаннан  осы мектептің алғашқы директоры Ерғали Кәрібаев атындағы «Мұғалімдер бөлмесі» ашылды. Ерғали Кәрібаев бұл білім ордасын 1981 жылға дейін басқарған бұл жылдарда мектептің техникалық базасы нобайын мектеп жанынан шопан балаларына арналған 50 балалық интернат ашылған.

Қазіргі таңда, аталған мұғалімдер бөлмесінде мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік құралдар, көрнекіліктер, заманауи АКТ орналастырылған. Бұл кабинетте мұғалімдер жаңаша сабаққа дайындалу іс-тәжірибемен бөлісу мүмкіндіктері қаралған.

Екінші, Бекқожа Бөлебаев атындағы «Мектеп мұражайы» №238 орта мектебінде де, өскелең ұрпаққа рухани азық беретін, «Ер есімі – ел есінде» атты еңбек ардагері Бекқожа Бөлейбайұлы Бөлебаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайы ашылды. Мұражайды ашудағы мақсатымыз – осы ауылда туып-өскен, мақтан тұтуға лайықты қасиетті тұлғалардың тағылымды өмірі жайлы қысқаша дерек беріп, өскелең ұрпаққа рухани азық бере отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында мұражайдың ашылуына байланысты мектепте салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға ауданнан, ауылдан арнайы қонақтар шақырылды.

Бірінші бөлімінде арнайы құрылған бағдарлама бойынша мұражайдың салтанатты түрде лентасын қию рәсімі болды. Бұл рәсімді арнайы қонақ болып отырған аудан әкімінің орынбасары Дәурен Оңғарбайұлы Тілеуімбетов пен облыстық маслихатының депутаты, жерлесіміз Ібайдулла Тілеп ағамыз қиды.

Бұдан кейін, мектептің тарих пәнінің мұғалімі Бақыткүл Бөлебаева мұражайдың ішіндегі орналасқан әрбір бұрыштың құрылымымен қатысушыларды таныстырды.

Жалпы, мұражайдың ішіндегі мәліметтер екі бағытта жинастырылған: Ауыл тарихы мен мектеп тарихы. Сонымен қатар, мұражайдың ерекшелігі – барлық жиналған құжаттар мен жәдігерлерне QR код жасалып, электронды форматта жасақталған.

Құнды жәдігерлерді, танымдық фото-суреттерді, аудан, облыс көлемінде кітаптарда басылып шыққан мәліметтерді жинақтауға №238 орта мектебінің ұжымы мен ауылымыздың азаматтары атсалысты.

Үшінші, Құттыбай Аханов атындағы «Ардагерлер бөлмесі» "Ер есімі – ел есінде" атты ерін ұлықтаған ұрпақ,ардагер ұстаз Аханов Құттыбай Жалғасбайұлы атындағы Ардагерлер мен мектеп ұстаздарына арналған демалыс бөлмесі

Демалыс бөлмесінің ашылуына арнайы қонақтар мен ауыл тұрғындары шақырылды.

Ардагер ұстаз, Аханов Құттыбай ағай демалыс бөлмесінің ескерткіш тақтайшасын өз қолымен ашты. Ғұмырын балалардың жарқын болашағына арнаған мұғалімдердің еңбегі өлшеусіз. Мектепте мұғалім мәртебесінің жоғары болуы қашанда маңызды, қолдау жоғары.

Айта кету керек, педагогтарға арналған арнайы бөлме барлық керек жабдықтармен қамтылған. Сондай-ақ, «Қалдырған ізің мәңгілік» атты арнайы ардагер ұстаздың өмірбаянынан стенд ілінген.

Сонымен қатар, №238 орта мектептің гимні ретінде "Тасарықтың мектебі" атты әнінің тұсаукесері болып өтті. Өлеңнің сөзін ардагер ұстазымыз Алмат Сұлтамұратов, әнін отыз беске тарта хит әндердің иесі Жарасхан Төлебай жазды. Бұл ән болашақта мектебіміздің гимні ретінде орындалады. Барлық ұстаздар қауымы қандай құрметке де лайық. Ардагер ұстаздар мен бүгінгі буын жас мамандар арасындағы сабақтастық жалғасын таба берсін! – деген тілегімізді білдіреміз.

2023-2024 оқу жылында республикалық мың мектеп жобасына №238 орта мектеп яғни (біздің мектеп) еніп, облыстық семинар өткізді. Осы оқу жылында бірқатар оқушыларымыз бен ұстаздарымыз пәндік олимпиада, ғылыми жоба, әртүрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында аудандық байқау, театрланған қойылым, көркем сөз оқу байқауларынан да, жүлделі орындар алды.

Фото: bilimainasy.kz

Тағы да оқыңыз: