Kyzylorda-news.kz Әлемнің озық елдерінде мемлекеттік капиталдың 70-80 пайызын адам капиталы құрайды. Ал, қалған бөлігі табиғи ресурстар, жылжымайтын мүлік пен өнеркәсіптік қорлардың (зауыт, фабрика, ғимараттар) үлесіне тиесілі. Қазақстанда мемлекеттік капиталының 68 пайызын табиғи ресурстар құраса, 21 пайызы – өндірістік қорлардың еншісінде. Адам капиталының үлесі – 11 пайыз ғана. Адами капиталды қалыптастыратын һәм дамытатын құрал – мектепте. Сондықтан, білім саласының қаржыландыруы артты. Заманауи типтік жобадағы мектептер салынуда. Тәжірибелік сабақтар өткізілетін сыныптар жабдықталуда. Интернетке қолжетімділік артты. Мектеп – адами капиталды дамытудың негізі. Білім ордасы мен ұстаздар қауымы мықты болса – мемлекет қуатты болады.

Бүгінде білімді ұрпақ тәрбиелеу – қоғамның басты қағидасы. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу – аса жауапты әрі күрделі міндет» деп өз пайымын жеткізген. Осындайда зор жетістікке жетіп жүрген аудан көлеміндегі мектептердің ішінде Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицей орны ерекше.

Қазіргідей заманауи технологияның барлық бастамасы осындай үлгілі білім ордаларынан басталады. Білім саласында болып жатқан жаңалықтарды күн сайын ғаламтордан көріп, оның мектептерде қолданысқа еніп жатқанын көргенде кеудеңді мақтаныш сезімі билейді. Білімді ұрпақ болашаққа салынған инвестиция екеніне тағы да бір көз жеткіземіз. Міне, бүгін көшбасшы мектептер қатарына көтерілген білім ордасы Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицей директоры Батыр Тәңірбергеновпен тілдескенімізде білім ордасында жасалған жұмыстар көп, әрі елеулі екенін байқадық.

– Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейге директор болып тағайындалғаныма да осы жылдың қазан айында бес жылдың жүзі болады. Әріден қозғасам, Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицей 2009 жылы 1200 орындық білім ордасы ретінде пайдалануға берілді. Білім ордасының негізгі мақсаты – оқу мен оқытудың инновациялық ортасын құруда педагогикалық ұжымның кәсіби дамуы мен шеберліктерін жетілдіру және стандартты емес оқу тәсілдерін ендіру арқылы білім берудің оң нәтижелерін арттыру арқылы бәсекеге қабілетті, өмірлік дағдыларын қалыптастыра алатын жеке тұлғаны дайындау болып табылады.

№249 мектеп-лицей «Білім беруді цифрландыру аясындағы замануи педагогикалық технологиялар» жобасы бағытында жұмыс істеп келеді. Жобаны іске асыру бағытында «SMART» ақпараттандыру орталығында «Робототехника», «3D модельдеу», «Movement», «Art studio», «Lyceum news» үйірмелері жұмыс істеп келеді, – дейді Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицей директоры болып Батырбек Әділбекұлы.

Мектеп ғимаратында – 86 сынып  бөлмесі, 3 спорт зал,  200 орынды асхана, маталарды өңдеуге  және аспаздық  бойынша – 2 оқу  кабинеті, 1 физика кабинеті, 1 химия кабинеті, 1 биология кабинеті, 2 лингафон кабинеті, 1 мультимедиалық кабинет, 8 информатика кабинеті бар. Интербелсенді тақтамен – 27 кабинет жабдықталса, 538 компьютер, 245 ноутбук, 77 планшет, 6 интерактивті панель, 1 цифрлі подиум,  1 ЛЭД экран білім беру үдерісіне пайдаланылуда.

Қазіргі таңда білім мекемесінде – 229 педагог пен 96 техникалық қызметкер еңбек етуде.

Мектеп ашылғалы бері 1300-ге жуық оқушы бітірсе, 250-ден астам «Алтын белгі» мен Үздік атестат игерлері шықты. Жыл сайын мектеп бітірушілердің – 80 пайызы мемлекеттік грантты иеленіп  келеді.

2023-2024 оқу жылында білім ордасын мектепалды даярлық тобында – 165, 1-11 сыныптар бойынша – 2078 оқушы білім алса, 138 оқушы 11-сыныпты бітіріп, оның – 13-і «Алтын белгі» иегері болса, тоғызы  Үздік атестат иеленіп отыр.

2020 жылы «Орта білім беретін үздік ұйым» облыстық конкурсының жеңімпазы атанып, 17 миллион теңгенің сертификатын иеленді. Қаржыға бейнесабақ түсіру кезінде пайдаланылатын теледидар мен ақпараттық материалды шығаруға арналған түрлі-түсті принтер, LED экран, BilimBook интерактивті панелі, компьютер құрылғысы орнатылған биология, химия, физика және тағы да басқа пәндерді тереңдете оқытуға арналған ROQED құрылғысы алынды.

2021 жылы республикалық «Мың бала» олимпиадасына – 67 оқушы қатысып, оның – 21-і жүлделі бірінші орын иеленді. Білім бәйгесінде жоғары нәтиже көрсеткені үшін Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атынан – екі миллион теңгенің сертификаты табысталды. Осы қаржыға оқушылардың денешынықтыру сабағында пайдалануға және жаттығу жасауда қолдануға арналған 10 дана Molten FIBA Баскетбол добы және 10 дана 29 × 29 см өлшеміндегі шахмат тақтасы сатып алынды. Екі дана "EPSON" маркалы Түрлі-түсті принтер, 3 дана HP маркалы принтер/сканер/ксерокөшірмесі (3 в1 МФУ) бар принтер, 15 дана қарағайдан жасалған – 48 өлшемді домбыра алынды.  

Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицей оқушылары Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасы, Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауы, 2-7 сынып оқушыларының “Зерде” республикалық зерттеу жобалар конкурсы, «Дебат» байқауы, «ProEco», «Жыл оқушысы», «Есірткісіз өмір ғажап!», «Алтын қазына», «Мен ұнатқан кітап...», «Гаухартас» олимпиадасы, «Үздік технологиялар балалар көзімен», «Robotek Grand Tournament» турнирі, «Үздік оқырман», «Тәуелсіздік бабалар аманаты», «Kitap Fest», «Тәуелсіздік тұғырым», «Менің шағын Отаным», «Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға», «Балалар оқулары», «Жарқын болашақ», «Жас шеберлер қалашығы», «Жастар және интеллект», «Жарық жұлдыз», «Бастау» олимпиадасы,  «Табиғатты аяла», «Жас ғалым», «Ұлы өнертапқышқа алғашқы қадам», «Ілияс Жансүгіров оқулары», «Ахмет оқулары», «Әбіш оқулары», «Juldyzai» балалар шығармашылығы фестивалі, «Яссауитану», «Әлихан Бөкейхан», тағы басқа байқаулар мен конурстарда жыл сайын жүлделі орындарды иеленіп келеді.

Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицей педагогтері де «Үздік жыл мұғалімі» «Үздік авторлық бағдарлама», «Үздік педагог», «Өнертапқыштық және шығармашыл жобалар алаңы», «Табиғатты аяла», «Практикалық және зертханалық жұмыстар», «Robotek grand tournament», «Педагогикалық оқулар», «Идеялар алаңы», «Жас ұстаз», «Үздік жас маман», «Үздік тәрбие бірлестігінің жетекшісі», «Практикалық жұмыстар», «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз», «Педагогикалыққ идеялар», тағы басқа байқаулар мен конурстарда жүлделі орындарды жыл сайын иеленуде.

Жыл сайын Қазалы ауданы мектептері арасында көш бастап, бірінші орыннан көрініп келеді. Облыстық бойынша ұжым Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде көрсеткен  үздік нәтижелері үшін «Ең үздік ауыл мектебі» номинациясын үш жыл қатарынан 2020, 2021, 2022 жылдары иеленді.

Бұған қоса, Е.С.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицей ұжымының жетістіктері жетерлік. Атап айтқанда, Е.С.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицей «ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН ҮЗДІК ҰЙЫМ» облыстық конкурсының жеңімпазы атанып, 17 миллион теңгенің сертификатын иеленді. "BILIM Land" ұйымдастыруымен өткізілген «Үздік онлайн мектеп» байқауы талаптарын орындап, жеңімпаз атану арқылы сыйлыққа берілген 65 дюймды "Bilim book" интерактивті панелін білім ордамызға орнатылды. Жалпы, білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде көрсеткен үздік нәтижелері үшін «Ең үздік ауыл мектебі – 2020» номинациясын иеленді.

Жетістік тұғырына көтеріліп жүрген оқушылар қатары да сирек емес. Жалпы, білім беретін пәндер бойынша 9-11 сыныптар бойынша өткізілген республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде жеті оқушы – бірінші, екінші, үшінші орындарды алды. Республикалық президенттік олимпиаданың облыстық кезеңінде екі оқушы – бірінші, екінші орынды иеленді. Өзін-өзі тану» пәні бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында өткізілген пәндік олимпиадада бірінші оқушы – бірінші орын алды. «Жарқын болашақ» олимпиадасында бір оқушы  – екінші орын алды. Республикалық кезең бойынша, Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ақтық кезеңіне 3  оқушы жолдама алды. 11 сынып оқушысы Ақатай Ақжүніс (жетекшісі: Әбжан Жәмилә), 10 сынып оқушысы Абильгазиева Салтанат (жетекшісі: Шохан Ботагоз), 11 сынып оқушысы Сағидулла Айман (жетекшісі: Изжанов Жанболат). «Абай жаққан бір сәуле» атты Абайдың қара сөздеріндегі афоризимді талдау олимпиадасында Көбейсін Ислам (жетекшісі: Алпысбаева Анаргүл) екінші орын иеленді.

Ғылыми жобаларға қарай ұйымдапстырылған облыстық кезеңде «Зерде» конкурсында  1 оқушы  - үшінші орын алды.

Ал, шығармашылық жобаларда «Менің Отаныма – менің бастамам» республикалық шығармашылық жобалар байқауының облыстық кезеңінде 1 оқушы Алғыс хат иеленді. Бейімбет Майлинның 125 жылдығы байланысты өткізілген облыстық  байқауында «Қысқа әңгіме шебері» номинациясы бойынша 1 оқушы  - бірінші орын иеленді.

Мамандандырылған байқаулар бойынша VII республикалық «Ақберен» өнер байқауының облыстық кезеңінде 1 оқушы - бірінші орын   алды. «Шексіз шығармашылық» республикалық байқаудың облыстық кезеңінде «Қазақстан – менің алтын бесігім»  номинациясы 2 оқушы - бірінші, екінші орын алды.

Республикалық кезеңде «Қобыланды батыр жырын жатқа айтудан «Тұлпар мініп ту алған» Қонысбай Гүлзира (жетекшісі: Әлішова Гүлфайруз) бірінші орын  және  (бір миллион) қаржылай сыйақы иеленді.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде көрсеткен үздік нәтижесі үшін «Ең үздік ауыл мектебі – 2021» номинациясын иеленді.

Педагогтер жетістігі жайлы қозғасақ, «Дарынды балаға –талантты ұстаз», «Үздік педагог-психолог - 2020», «Үздік дене тәрбиесі пәні мұғалімі-2020», «Ақ бидай» спартакиадасы, 4 мұғалім – бірінші, екінші, үшінші орындарды иеленді.

Республикалық кезеңде І-республикалық «Үздік педагог» олимпиадасында Камшат Шарапова  І дәрежелі «Диплом» иеленді. «Ең үздік педагог-психолог - 2020»  республикалық конкурсында Маханова Жанар екінші орын иемденді.

Түрлі олимпиадаларға қатысқан мектеп оқушылары облыстық кезеңнен құр алақан емес. «Ұлы дала баласы» олимпиадасына – 496 оқушы қатысып, 490 оқушы І дәрежелі диплом, 6 оқушы ІІ дәрежелі диплом иеленді. Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сыныптар бойынша өткізілген республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде 7 оқушы жүлделі бірінші, екінші, үшінші орындарды алса, екі оқушы Алғыс хат иегері атанды. «Дарын» қосымша білім беру орталығы ұйымдастырған 5-6 сыныптарға арналған олимпиадада 3 оқушы – бірінші, екінші, үшінші орындарды иеленді. «Орыс тілі және әдебиеті» пәнінен облыстық олимпиадада 1 оқушы үшінші орын алды. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті ұйымдастырған Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылған құқық негіздері пәнінен облыстық олимпиадада 2 оқушы бірінші орын, үшінші орын алды. Жалпы білім беру ұйымдарының 7-8 сынып оқушылары арасында жаратылыстану пәндері бойынша юниорлық олимпиадада 2 оқушы бірінші орын иеленді. Жалпы білім беру ұйымдарының 8-10 сынып оқушылары арасындағы Лингвистикадан олимпиадада 2 оқушы бірінші, үшінші орын иеленді. «Абайтану» олимпиадасының облыстық кезеңінде 1 оқушы үшінші орын алды.

Республикалық кезеңде «Ақылды бала» олимпиадасына – 108 оқушы қатысып, 86 оқушы І дәрежелі дипломмен, 17 оқушы ІІ дәрежелі дипломмен, 5 оқушы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Республикалық президенттік олимпиадасында 1 оқушы үшінші орын алды. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың 11 сынып оқушысы Салтанат Абильгазиева (жетекшісі: Шохан Ботагоз) екінші орын, 11 сынып оқушысы Нысанбай нұрай (жетекшісі: Изжанов Жанболат) үшінші орын иеленді. Ұлы дала баласы» олимпиадасы олимпиадасында – 490 оқушы қатысып, 470 оқушы І дәрежелі дипломмен, 20 оқушы ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Облыстық кезеңде өткен ғылыми жобаларда Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінде 2 оқушы – бірінші, үшінші орынмен марапатталды. «Зерде» республикалық конкурсының облыстық кезеңінде 2 оқушы – үшінші орын және Алғыс хатпен марапатталды.

Республикалық кезең бойынша Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсында 11-сынып оқушысы Серік Мұратқызы Әмина «Жер және ғарыш туралы ғылым» секциясы бойынша (жетекшісі Сауле Бисенова) арнайы сертификат иеленді.

Шығармашылық жобаларда «Егер, мен ұстаз болсам» вайн-фест  байқауында 1 оқушы  үшінші орын иеленді. «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Жастар-деструктивті ағымдарға қарсы!» суреттер байқауынан 1 оқушы - Алғыс хатпен марапатталды. «Ата – ана жұмысындағы- бір күн» видеороллик байқауынан 2 оқушы - екінші, үшінші орын иеленді. «Менің Отаныма – менің бастамам» республикалық шығармашылық жобалар конкурсының облыстық кезеңінде 3 оқушы – екінші, үшінші орынды алды. «Менің кіші Отаным» атты ІІІ республикалық интеллектуалдық конурсынының облыстық кезеңінде 2 оқушы – екінші, үшінші орын иеленді. Қызылорда телеканалы мен облыстық жастар ресурстар орталығының ұйымдастыруымен өткен «Интеллектуалды ұлт» сайысында 1 оқушы – бірінші орын иеленді. «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумының облыстық кезеңінде 2 оқушы - екінші, үшінші орын иеленді. «ProEco» экологиялық жобалар байқауында 1 оқушы - екінші орын иеленді. «Багги» жарысы конкурсында 1 оқушы екінші орын иеленді. «Шешеннің тілі – шебердің біз» тақырыбында өткізілген полиглот байқауында 2 оқушы бірінші, екінші орын иеленді. «Желбіре жеңіс жалауы» тақырыбындағы қашықтан өткізілген бейнеролик конкурсында 2 оқушы – бірінші, үшінші орын иеленді. «Рақмет саған, дәрігер» тақырыбындағы қашықтан әлеуметтік желі арқылы өткізілген бейнеролик конкурсында 1 оқушы – екінші орын иеленді. «Болашаққа бастар жол» тақырыбындағы облыстық фильмтрейлер зияткерлік конкурсында 1 оқушы - екінші орын иеленді. «Vine Fest» бейнеролик байқауында 1 оқушы - үшінші орын иеленді. «Қазақстан – бірлік пен бейбітшілік мекені» тақырыбындағы байқауда 1 оқушы -  үшінші орын иеленді.

«Менің Отаныма – менің бастамам» республикалық шығармашылық жобалар байқауының республикалық, ақтық кезеңде Тілеужан Рамазан  үшінші орын алып, жеңімпаз атанды (жетекшісі: Төреханова Айгерім). «Менің кіші Отаным» атты ІІІ республикалық интеллектуалдық конурсында Бақытғани Әлихан (жетекшісі: Шохан Ботакоз) үшінші орын иеленіп, Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтің арнайы грамотасын алды. С.Нұртаев атындағы республикалық олимпиадада Нұрғазы Олжас үшінші орын және 50 мың теңгенің сертификатын иеленді (жетекшісі: Жантөре Ғалымжан). Нариман  Оңғарбай «ХХІ ғасыр көшбасшысы» үшінші орын және 200 мың теңге сертификат, Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақ Заң университеті Заң фаультетінің грантын жеңіп алды. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұйымдастыруымен өткен VIII Республикалық «Яссауи» олимпиадасына дүниежүзі тарихы бойынша (ғылыми жоба конкурсында) Жаһанша Есбол үшінші орын, Зият Нұраят үшінші орын алды (жетекшісі: Шохан Ботагоз). «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен өткізілген республикалық «Не? Қашан? Қайда?» экотурнирінде Анвар Мүсіреп үшінші орын иеленді.

Мамандандырылған байқауларда «Ақберен» өнер байқауының 2 оқушы – бірінші және үшінші орынды иеленді. «Бояулар құпиясы» суретшілер байқауында 4 оқушы – бірінші және үшінші орынды иеленді.

2021-2022 оқу жылы бойынша Жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде көрсеткен үздік нәтижелері үшін «Ең үздік ауыл мектебі – 2022» номинациясын иеленді. Педагогтер жетістігі «Үздік техникалық инспектор» байқауы, Үздік кітапхана – үздік коворкинг» орталығы сайысы, «Үздік дефектолог – 2021», «Үздік педагог-психолог – 2021» 4 мұғалім бірінші, екінші, үшінші орындарды иеленді.

Оқушылар жетістігі Жалпы білім беретін пәндер бойынша  9-11 сыныптар бойынша республикалық олимпиада 7 оқушы  - бірінші, екінші, үшінші орындарды алса,  1 оқушы Алғыс хат иегері атанды. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті ұйымдастырған ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылған құқық негіздері пәнінен облыстық олимпиадада 2 оқушы – бірінші және үшінші орын иеленді. «Абай» олимпиадасында 1 оқушы – үшінші орын иеленді.

«Ақ бота» интелектуалдық марафонында - 6г–сынып оқушысы Оңғарбай Гүлдина ІІІ орын иеленді. (пән мұғалімі Садуахасова Гүлжан) «Кенгуру - математика» халықаралық интеллектуальдық сайыстан - Жарбол Гүлсая, Оңғарбай Гүлдина, Тұрақ  Азиз, Жаппарберген Дінмұхамбет ІІІ орын иеленді. (пән мұғалімі Садуахасова Гүлжан). «Кенгуру - математика» халықаралық интеллектуальдық сайыста - Жақсылық Ерасыл, Тенел Ғалымбек ІІІ орын иеленді. (пән мұғалімі Сәбит Мәкен). «Ақ бота» интелектуалдық марафонында 6в–сынып оқушылары  Жарас Жансая, Иганберген Даулет, Дастенов Еркебұлан, Байдос Ердаулет ІІ орын иеленді. (пән мұғалімі Сәбит Мәкен). Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада - Тарих пәні бойынша Әбілғазиева Салтанат ІІ орын, Құқық негіздері бойынша Нысанбай Нұрай ІІІ орын иеленіп, жеңімпаздар тұғырынан көрінді. Тарих пәні бойынша ұйымдастырылған С.Нұртаев атындағы республикалық олимпиадада Нұрғазы Олжас ІІІ орын және 50 мың теңгенің сертификатын иеленді (жетекшісі: Жантөре Ғалымжан). «Дарын» қосымша білім беру орталығы ұйымдастырған 5-6 сыныптарға арналған Республикалық олимпиадасының республикалық кезеңінде Бисенбаева Хадиша  3 орын алды. (жетекшісі: Сәрсенғалиева Әсем). «Мың бала» ұлттық олимпиадасына мектеп-лицей бойынша 67 бала қатысып, мыңнан шыққан жүйріктер арасында 21 оқушы дара бойы озық шығып Бас жүлде иеленді.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінде 2 оқушы 3-ші орынмен марапатталды. «Зерде» республикалық конкурсының нәтижелесі бойынша - 1 оқушы –ІІІ орын иеленді. «XXI ғасыр жастарыныңғылыми әлеуеті: білім берудің жаңа сатысы» атты облыстық ғылыми жобалар байқауында 1 оқушы -   І дәрежелі диплом иеленді. Табиғатты аяла» республикалық форумында   1 оқушы - І дәрежелі «Диплом» алды. Республикалық «Ақберен» байқауында 1 оқушы – І орын иеленді. «Менің Отаныма – менің бастамам» республикалық шығармашылық жобалар байқауының облыстық кезеңінде 5 оқушы - І орын иеленді. бірінші, екінші, үшінші бірінші, екінші, үшінші «Ұшқыр ой алаңы» дебат турнирінің  облыстық кезеңінде «Риторика-3» командасы мүшелері 2 оқушы  - II орын алды. «Сыр Дарыны ұйымдастырған облыстық «Дебат» сайысында 2 оқушы -1 орын алды. Болашақ университеті ұйымдастырған облыстық «Дебат» сайысында 2 оқушы – ІІ  орын иеленді.

Физика пәні бойынша «WINNER» Ресей федерациясы білім министрлігі мен «Фонд новых форм развития образования» ұйымының ұйымдастыруымен Халықаралық Балалардың Инженерлік Командасы 2018 (ICCET 2018), Нұрайым Бекаралова -10ә сынып оқушысы, Асылхан Қанибаев, Нұрсәт Есекеев-  10а сынып оқушылары ІІ орын иеленді (жетекшісі: Нағашыбай Жаңабек). Оңғарбай Нариман  «ХХІ ғасыр көшбасшысы» 3 орын және 200 мың теңге сертификат,  Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақ Заң университеті , Заң фаультетінің грантын жеңіп алды. «Менің Отаныма – менің бастамам» республикалық шығармашылық жобалар байқауы Тілеужан Рамазан 3 орын алып жеңімпаз атанды, Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтің грамотасын алды.  (жетекшісі: Төреханова Айгерім).

Мамандандырылған байқауларда «Шексіз өмір»  өнер фестивалі Күнділда Динара ІІІ орын алды (жетекші: Рахымов Әлібек). Өнер саласы бойынша Қалмырза Мейрам Украйнада өткен «BIESSED PEOPLE  ПОЦІЛОВАН   БОГОМІ» телефистиваль Бас жүлде алса, Польшада өткен «KALEJDOSKOP TALENTOW» байқауы ІІ орынды  жеңіп алды. (жетекшісі: Аяп Гүлнар). «Жұлдыздар шеруі»атты ән байқауы Нұрыллаев Нұрдәулет- I орын (жетекшісі: Зеев Қайрат).

Спорттық жарыстарда У.Төрәлидің 100 жылдық мерейтойына арналған «Асық атудан» облыстық жарыста 1 оқушы - І орын иеленді. 9-11 сынып оқушылары арасындағы Coca-Cola былғары доп  жарысында    ІІ, ІІІ орындарды иеленді. Мектеп лигасы 5-6 сыныптар арасында оқушылары арасындағы Ұшқыр доп жарысында І орын иеленді. Оқушылар арасындағы облыстық жанглирование спорттық жарысында ІІІ орын алды.

Республикалық кезеңде Ұлттық мектеп лигасы аясында «Асық атудан» республикалық жарысында мектеп оқушылары І орын иеленді (жетекшісі: Байдомақов Алтынбек). «Мектеп Лигасы» спорт жарысында гандболдан 5-6 кластар арасында І орын иеленді. (жетекшісі: Өзбекбаев Қанат). «Мектеп Лигасы» спорт жарысында футболдан 7-8 кластар арасында І орын иеленді.(жетекшісі: Құрманов Ерлан)

2022-2023 оқу жылы бойынша ұжым жетістіктерінде Жалпы орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру мен спорт саласын дамытуға қосқан үлесі және жетістіктері үшін «Үздік спорт мекені»номинациясымен марапатталды. «Жас ұстаз – 2022» командалық байқауында жоғары деңгейде кәсіби құзыреттігін көрсеткені үшін «Эрудит» командасы І орын иеленді.

Педагогтер жетістігі – Облыстық білім басқармасының Педагог-психологтардың «Жыл үздігі – 2022» байқауының, «Үздік жас маман – 2023» облыстық байқауының, «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» байқауының, Жас математика мұғалімдеріне арналған Қызылорда облыстық І шығармашылық байқауының, Облыстық «Алтын күз» спартакиадасының, Білім қызметкерлері арасындағы футболдан облыстық спартакиаданың, Ардагерлер арасында 50 жастан жоғары волейболдан облыстық спартакиадасының, Ауыл спортшыларының ХХХҮ–ші «Алтын күз – 2022» облыстық спартакиадасының бірінші, екінші, үшінші орын иегерлері.

Оқушылар жетістігі – Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сыныптар бойынша өткізілген республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде 8 оқушы - бірінші, екінші, үшінші орындар мен Алғыс хат иеленді. Республикалық президенттік олимпиаданың облыстық кезеңінде 1 оқушы – ІІІ орынды иеленді. «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» олимпиадасының 1 оқушы ІІІ орын иегері. «Қамбаш» оқу орталығында өткен олимпиадада 1 оқушы ІІІ орын алды. «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңінде 2 оқушы ІІ орын алды. Қызылорда облысы білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы «Сыр дарыны» оқу жаттығуы жиынына қатысушылар арасында жасөспірімдер олимпиадасының іріктеу кезеңінде математика пәні бойынша 1 оқушы ІІІ орын алды. Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6-сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінде  Бегалы Шұғыла- I орын иегері. (жетекшісі: Жетілгенова Айгүл). Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінде 4 оқушы Алғыс хатпен, 3 оқушы 3-ші орынмен марапатталды. «Зерде» республикалық конкурсының нәтижесі бойынша -  2 оқушы 1-ші орынмен, 2 оқушы 3-ші орынмен, 2 оқушы Алғыс хатпен марапатталды. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсында - 11-сынып  оқушысы Тарғын Аида Талғатқызы «Қолданбалы математика» секциясы бойынша (жетекшісі Алданазарова Әйгерім) республикаға жолдама алды. Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобаларының ХІІІ халықаралық конкурсына қатысып 1 оқушы  арнайы Сертификат иеленді. Зерде» республикалық конкурсының нәтижелері бойынша Пахрадин Мейірлан Ерланұлы (жетекшісі Утеева Гульшат Бахытовна) 2-ші орын, Туризм және спорт секциясы бойынша Никсонқызы Макенай  (жетекшісі Шарапат Рауан Айбекқызы) 2-ші орынмен марапатталды. Шығармашылық жобалар бойынша «Менің шағын Отаным» V республикалық зияткерлік байқауының облыстық кезеңінде 1 оқушы – 1 орын алды. Білім беру ұйымдарындағы ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар арасында шығармашылық қабілеттерін шыңдауға және қолдау көрсету мақсатында 18-ші Республикалық “Juldyzai” балалар шығармашылығы фестивалінің “вокал” номинациясы бойынша 2 оқушы І,ІІІ орын иеленді. Жалпы білім беру ұйымдарындағы оқушылар арасындағы Ұлттық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңінде «Риторика» фракциясы ІІ орын иеленді. «Әлихан Бөкейхан» атындағы ұлттық  білім сайыстарының облыстық кезеңінде 2 оқушы-І орын алды. «ProEco» экологиялық жобалар конкурсының облыстық   кезеңінде 1 оқушы ІІ орын алды. «Табиғатты аяла»жас өлкетанушылар,экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумының облыстық кезеңінде 1 оқушы ІІІ орын алды. Жалпы білім беру ұйымдарының 7-8 сынып оқушылары арасында өткен  "Мемлекеттік қызмет-мемлекеттік қызметшілердің балаларының түсінігінде" атты облыстық эсселер байқауында 1 оқушы ІІІ орын иегері. «Әбіш оқулары» байқауының  сахналық қойылым бағыты бойынша  облыстық кезеңінде  мектеп оқушыларының командасы І орын алды. «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауының «Ілияс –сөз шебері» бағыты бойынша облыстық кезеңінде 1 оқушы І орын алды. Ауыл мектептерінің 9-11-сынып оқушылары арасында «Отбасы – бақыт мекені» атты эссе жазу байқауының облыстық кезеңінде  1 оқушы ІІІ орын. «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауында 3 оқушы І, ІІ, ІІІ орын алды. «Қыран елім-Қазақстан» тақырыбындағы облыстық сурет байқауында 3 оқушы ІІ, ІІІ орын алды. Республикалық кезеңде «Менің шағын Отаным» V республикалық зияткерлік байқауының республикалық кезеңінде 10-сынып оқушысы Нұрлыбек Ақтілек (жетекшісі: Жантөре Ғалымжан Әбілбайұлы) 2-ші орын алды.

2023-2024 оқу жылы бойынша педагогтер жетістігі "Педагогикалық идеялар фестивалі", "Жас ұстаз: табысқа апарар жол", Teacher`s Workshop - 2023. Project activity is a tool for the formation of professional competence of the teacher, "Мұғалімдер лигасы" облыстық футзал, "Үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі-2023", Педагогикалық идеялар панорамасы, тағы басқа 8 педагог бірінші, екінші, үшінші орындарды иеленді. Республикалық кезең Мұғалжар ауданының спорт ардагері Қ.Құрмантаевтың құрметіне арналған шағын футболдың 40 жас және одан асқан ардагерлер арасындағы турнир - Құрманов Ерлан 3 орын иеленді. Орыс тілі пәнінен "Педстарт" - Ергарева Лаура, Исанова Жамила  1,3 дәрежелі  орын иеленді. «Ең үздік педагог-психолог - 2022» республикалық кезеңінде Қужахметова Айгерім І орын алды.

Облыстық кезеңдегі олимпиадаларда оқушылар  жетістігі Жалпы білім беретін пәндер бойынша 2-4 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде – 1 оқушы – 3 орын. Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде -  2 оқушы – 1 орын,  4 оқушы – 2 орын, 1 оқушы – 3 орын. Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде – 22 оқушы – 1орын, 20 оқушы – 2 орын, 21 оқушы – 3 орын. Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде - 1оқушы –  2орын, 4 оқушы – 3 орын, 2 оқушы – Алғыс хатпен марапатталды. Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде- 1оқушы – 1 орын, 11 оқушы – 2 орын, 3 оқушы – 3 орын, 2 оқушы – Алғыс хатпен марапатталды. Республикалық кезең Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада – Жайлхан Жұлдызай – 2 орын (жетекшісі: Имангалиева Асем Абдигалиевна), Назархан Бағдәулет (жетекшісі: Ибраимова Раушан). Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада - Садуақасова Бірханым  –  Сертификатпен марапатталды  (жетекшісі: Адильбаевна Саида Сафарбаевна). Ғылыми жобалар "Зерде" республикалық 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың конкурсы" 4 оқушы – 1орын, 3 оқушы – 2 орын, 1 оқушы – орын иеленді. Жалпы білім беретін пәндер бойынша 8-11(12) сынып оқушыларына арналған республикалық ғылыми жобалар конкурсы (ғылыми конкурс) – 1 оқушы – 2 орын, 1 оқушы – 3 орын, 4 оқушы – Алғыс хат, 3 оқушы – Сертификатпен марапатталды. Республикалық кезеңде "Зерде" республикалық 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың конкурсы" 4 сынып оқушысы Әнес Дильназ (жетекшісі: Қуатбай Ақнұр)  - І дәрежелі дипломмен марапатталды. 4 сынып оқушылары   Даулет Хамида (жетекшісі: Имангалиева Асем Абдигалиевна), Сердалы Аяжан, ( жетекшісі: Абдреева Жазира)    – арнайы Сертификатпен марапатталды. Мамандандырылған олимпиадаларда "Алтын сақа" олимпиадасы – 2 оқушы – 1орын, 1 оқушы – 3 орын. Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада бойынша – 1 оқушы – 1орын,  12 оқушы – 2 орын,  2 оқушы – 3 орын, 2 оқушы – Алғыс хат. Республикалық кезеңде "Алтын сақа" олимпиадасы –. Назархан Бағдәулет 1 орын  және Сертификат (жетекшісі: Ибраимова Раушан). Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада бойынша – 1 оқушы – 1орын, 12 оқушы – 2 орын,  2 оқушы – 3 орын, 2 оқушы –Алғыс хат. Ауыл мектептеріне арналған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасы – 2 оқушы арнайы Дипломмен марапатталды. Батырханова Ақбілек – Диплом (жетекшілері: Алданазарова Әйгерім, Әми Жібек, Сагимбаева Алия, Сапарбаева Нурбану, Мухашова Салтанат), Назархан Бағдәулет – Диплом  (жетекшілері:Ибраймова Раушан Сарсенгалиева Асем Бозгуланова Гульайым Сахитжан Назерке Шарапат Рауан). Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада бойынша – Нұрлыбек Әлішер – 3 орын. (жетекшісі: Абубакирова Камшат). 5-9 сынып оқушылары арасындағы «Тарих ата» олимпиадасы 21 оқушы 1 орын, 17 оқушы - 2  орын иеленді, 5 оқушы – 3 орын иеленді. Шығармашылық жобалар «Менің Отаныма – менің бастамам" шығармашылық жобалар байқауының облыстық кезеңінде 1 оқушы – 1 орын, 1 оқушы-3 орын, 2 оқушы – Алғыс хатпен марапатталды. 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурсы 1 оқушы  - 1 орын иеленді. 5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» экологиялық жобалар конкурсында – 1 оқушы – 1 орын иеленді. «Көк тудың желбірегені» атты дебат турнирінде – 1 оқушы Дипломмен марапатталды. ZIATKER білім бәйгесі телевизиялық жобасында – 2 оқушы – 1,3 орын және Білім грантын жеңіп алды. Мамандықтар әлемін ашамыз тақырыбындағы республикалық форумының облыстық кезеңінде – 1 оқушы – 2 орын иеленді. «Балалар әлемі» жобасы аясында ұйымдастырылған республикалық балалар байқауының облыстық кезеңінде – 1 оқушы – 2орын иеленді. Республикалық кезең 5-8 сынып оқушыларына арналған "ProEco" экологиялық жобалар конкурсында - Нұралиев Рахман Грамотамен марапатталды. Мамандандырылған байқауларда «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауы – 2 оқушы – 1 орын және Алғыс хат марапатталды. «Шексіз өмір» ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларға арналған республикалық фестивалі – 1 оқушы Алғыс хат марапатталды. «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносы фестивалі (оның ішінде аудандық, қалалық, облыстық, республикалық) - 2 оқушы – 2 орын. «Махамбет оқулары" байқауы -  2 оқушы – 1 орын. «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауы – Аруынов Ислам  - 2 орын (жетекшісі: Қайруллаев Мұхтар), Қосанова Жанна – арнайы Сертификат (жетекшісі: Қайруллаев Мұхтар). «Махамбет оқулары» байқауы -  Сайлыбеков Ғазиз – арнайы Сертификатпен  марапатталды. Спорттық жарыстарда Мектеп оқушылары арасында өткен спартакиада – 1 оқушы Дипломмен марапатталды. «Ұлттық мектеп лигасы» аясында 9-11 сынып оқушылар арасында өткізілген аудандық іріктеу - 1 оқушы  Дипломмен марапатталды. Жастар рухы ЖҚ облыстық филиалы және "GRAND master" бағдарламалау мектебінің ұйымдастыруымен өткен "CP Open Cup - 2023" спорттық бағдарламалау – 4 оқушы арнайы Сертификатпен марапатталды. Қазақстан оқушыларының ХІІ жазғы гимназиядасында лицейіміздің командасы Сайлаубаев Тимур, Сәлімкерей Алинур, Байқазаққы Гүлсезім ІІІ орын иеленді.

Іс-тәжірибелерді тарату бойынша «Биология пәнін меңгертуде STEM технологиясын пайдалану арқылы білім сапасын көтеру» атты облыстық семинар. Физика пәнінен практикалық сабақты STEM технологиясы арқылы ұйымдастыру өткізілген облыстық семинар. Математика пәнінен күрделі тақырыптарды оқытуға арналған шеберлік сынып. «ЕББҚ ететін балаларды Арттерапия арқылы мінез-құлықтарын қалыптастыру» тақырыбында семинар. «Эмоциялық интеллект – адамның өзінің және өзгелердің эмоциясын басқарудың замануи әдістері: Практика. Тәжірибе. Нәтиже» тақырыбында педагог-психологтарға араналған облыстық семинар өткізілді.

f5867976-4332-4f8a-95b6-ec417aae1dd2.jpg69e3e97b-8cd2-42ec-ac6d-ccfd30ab9647.jpg

Тағы да оқыңыз: