Kyzylorda-news.kz. Жаңақорған ауданы, Өзгент ауылындағы «Өзгент» балаларды сауықтыру және демалыс аймағының салтанатты ашылуы өтті.
Салтанатты шараға бірінші ауысымға қабылданған әлеуметтік қолдауды қажет ететін және көп балалы отбасынан шыққан 20 балаға тосынсый жасап, сый-сияпат тарту етілді.
«Өзгент» лагерінде әр маусымда 20 баладан қабылданып, жалпы 160 баланы тынықтыру жоспарланып отыр. Мұнан бөлек, биылғы жазғы маусымда аудандағы «Тау самалы», «Талдысу» тынығу лагерьлеріне 470 бала тегін демалса, мектеп жанындағы күндізгі лагерьлер 5000 баланы жазғы демалыспен қамтитын болады.
Айта кету керек, мерекелік кеште балаларға арнап жезтаңдай әншілер мен халық оркестрі ән шырқап, мың бұралған бишілер өнерлерін көрсетті.