Kyzylorda-news.kz.  Оқу жылы аяқталуына санаулы күн қалды. Үш ай каникулды асыға күтіп жүрген оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері мемлекеттік қолдауға ие. Осы ретте балалар тынығу лагерьлерінің тыныс-тіршілігі жөнінде терең зерделеуді жөн көрдік. Аудан көлемінде балалардың жазғы тынығу мекемелері өз жұмысын бастамас бұрын жергілікті санитариялық-эпидемиологиялық басқарма мамандары мен аудандық прокуратура өкілдері бірнеше кемшілікті анықтап, тиісті ескертулер жасағанын айтады. Нақтылап тоқталсақ, Құттықожа баурайынан қоныс тепкен, жарты ғасырдан астам уақыт жеткіншектердің құтты мекені болып келе жатқан «Тау самалы» тынығу лагері аумағында айнадай тазалықтың жоқтығын айтудың өзі ұят. Демалыс мекенінің корпустарының кейбірі толық жабдықталмаған, жатақханада жарық толықтай шешілмегені анықталған. Ал лагерь басшысы Бағлан Момынханов бұл кемшілікті түзетіп жатқанын сөз етті. 

– Балалардың жазғы демалысы жақсы өтуі үшін лагерь айналасы тазартылып, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жататын орын, арнайы корпустары мен асхана талапқа сай қамтылды. Ағаш бұталарының артық жерлері кесіліп, әктелді. Ойын алаңдары мен сахналық кешен дұрысталды. Балаларды қабылдауға әзірлік жасалуда, – деді ол. 

Лагерь аймағын залалсыздандыру бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» аудандық филиалымен келісім шарт жасалыпты. Ашығын айту керек, мұндағы өзекті мәселе – бала дәрігерінің штаты қаралмаған. Тынығу жайында әрбір баланың жеке бас амандығы маңызды. Демалыс кешенінің бала жанынан табылуға тиіс дәрігермен қамтылмауы көңілге қонбайды. Осы мәселені түбегейлі шешуде аудандық емхана мен лагерь арасында жұмыс жүріп жатыр екен. Айта кететіні, «Тау самалы» лагерінде өзекті мәселенің бірі – монша болатын. Мәселеге аудан басшылығы мән беріп, шешіп берді. Тағы бір жаңалық стритбол ойын алаңы да тынығушы қауымның уақыт өткізетін орнына айналды. Биыл «Тау самалы» лагері маусым айының бірінен бастап әр он күн сайын 75 баладан қабылдайды. Лагерь жеті лекпен қабылдайтынын ескерсек 525 баланың тынығуына мүмкіндігі бар. Оларға 7 тәрбиеші қызмет көрсетеді. Жалпы 2024 жылы аудан бойынша 18 мыңнан аса оқушы жазғы сауықтыру шараларымен қамтылуы жоспарлануда. Оның – 15 370-і лагерьге барады. Аудан мектептерінде 1-20 маусым аралығында күндізгі тынығу лагері ұйымдастырылады. Бұл жөнінде аудандық білімі бөлімінің тәрбие істері жөніндегі бас инспекторы Мира Жандарбекова: 

– Жылда жазғы тынығу лагеріне қатысты ата-аналардың арыз-шағымын қараймыз. Бірі тамақ құнарсыздығына шағымданса, бірі ұйымдастырушылық іске көңілі толмай жатады. Сол себепті биыл лагерьді таңдағанда келісім шартқа қол қоярда жан-жақты талқылап алғаны абзал. Ата-ана өз баласының жанжақты жағдайына сергек қараса көп шағым да болмайды, – дейді.

Мектеп жанынан ұйымдастырылған тынығу лагерьлерінің дайындығын білу үшін аудан орталығында орналасқан №110 мектеп-лицейі директоры Фарида Ниязованы сөзге тарттық. Оның айтуынша, 1-4 сыныптан 50 бала екі лек бойынша қамтылады. Оқушылардың әр күні қызықты өтуі үшін денешынықтыру, музыка және сурет пәнінің мұғалімдері қызықты жобалар әзірлеуде. Айта кететіні, ауданда білім беру ұйымдары бойынша 2-8 сыныпта оқитын балалардың 2025-і міндетті оқу қоры есебінен және ірі кәсіпкерлер мен жергілікті әкімшіліктердің қолдауымен өзге өңірлердегі лагерьге жіберіледі екен.

Өткен жылы осы мекемеге аудандық санитариялықэпидемиологиялық басқарма мамандары мен аудандық прокуратура өкілдері тексеру жүргізгенде қоқыс жәшігі қойылған аймақтың үш жақтама қоршалмағаны сын болған еді. Осы олқылықты қалпына келтіріп жатқан лагерь ұжымы биылғы жазғы тынығу жұмысына сақадай-сай екендіктерін айтты. Тау баурайында жасыл желекке көмкерілген тынығу лагерінде «Облыстық олимпиадалар және қосымша білім беру» мекемесі талапкерлерді тестке дайындаудың соңғы апталығын өткізіп жатыр. «Талдысу» лагері биылғы жазғы сауықтыру маусымына үлкен дайындықпен келіп отыр. Материалдық базасы жаңарып, техникалық қауіпсіздігі, санитарлық тазалығы ескерілген.

Бүгінде лагерь аумағында балалар үшін 12 түрлі бағытта үйірме жұмыс жасайды. Алдағы уақытта робототехника, IT жобалар және шет тілдерін меңгеруге қызығушылық танытқан балаларға арналып қосымша үйірмелер ашу көзделуде. Сондайақ, лагерьдің басты ерекшелігі – балалардың табиғи қорықтарға саяхаттап, экскурсия жасауына жанжақты жағдай жасалған. «Талдысу» облыстық олимпиадалар қосымша білім беру орталығының директоры Елдос Жұмаділлаұлы: – Оқушылардың тамаша табиғат аясында тынығуы үшін жылдар бойы легерьдің айналасын әсем гүлзарлар мен жасыл желекке айналдырып келеміз. Біздің лагерь тау етегінде болғандықтан ауасы таза, ерекше табиғатқа бай. Сондықтан болар, жылына кем дегенде жеті маусым бойы демалушылар үзілген емес, – дейді. Орталықта баланың еркін тынығуына барлық жағдай жасалған. Жайлы жатын орыннан бастап, тамақтануы, демалысы, үйірмелер, мол қоры бар кітапхана, түрлі саяхаттық сапарлар, ауладағы аспанасты көрмелері әрбір оқушының танымдық көзін ашады, ерекше әсер сыйлайды. Бұл орайда, орталық директорының ұйымдастырушылық қабілеті, өрендерді жақсы істерге баулу мақсатындағы ізденістері, іскерлік шеберлігі нәтижесін беріп келеді. Айта кетейік, мұндағы өзекті мәселе – уческелік полицейдің жоқтығы. Биыл 2100-ден аса бала қабылдауды жоспарлап отырған лагерьдің тәртібін күзету өзекті іс. Әр аймақтан жасақталған өрендердің арасында туындайтын қақтығыстардың алдын алу мұң болып тұр. Бұл мекемеде 13-ке жуық тәрбиеші маман қызмет еткенімен күндіз-түні кірпік қақпай тыныштық күзету мүмкін емес. Бұл туралы тәрбиеші Гүлжан Саттарова да қуаттады. – Әр аймақтан келген балалардың бір ортаға ұйысуы қиынға соғатын кездер көп. Әр үйдің еркесінің ереже бұзып, кикілжіңге ұласатын кезі болады. Осындайда тәртіп сақшыларының көмегіне мұқтажбыз. Біздің қалауымыз, осы мәселе орынды шешім табуы керек, – деді ол. Біз де шалғайдағы ағайынның талабын жасырмай, жауапты органнан жауап болар деген үміттеміз. «Байкен-U», «СКЗ-U», «Қызылқұм» сияқты ірі кәсіпорындар және жеке кәсіпкерлер демеушілігі арқылы Түркістан облысындағы «Машат», «Адем», «Біргөлек», Қызылорда қаласындағы «ORDA», «Саяхат» лагерьлерінде демалушы балғындар саны артып келеді. Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрлігімен жазғы демалыс кезінде балалардың бос уақытын бірыңғай бағытта ұйымдастыру мақсатында әзірленетін тұжырымдамасын негізге алып, «Жайдарлы жаз» бағдарламасы шеңберінде аудандағы қосымша білім мекемелері жұмыс жасайтын болады. Әлшекей атындағы, Бесарық, Түгіскен балаларға арналған өнер мектебі және аудандық Оқушылар үйінде жазғы мезгілде «3D-модельдеу», «Робототехника» т.б 25 үйірме жұмыс жасап, онымен 720 бала қамтылады. ТҮЙІН. Мектеп қабырғасындағы оқушыларға жазғы демалыс үшін лагерьге жолдама беріледі. Жолдамаға ие болғандар жолға шығып, жаңа ортаны жатсынбай қабылдауды үйренеді. Лагерь – жаңа таныстықтың мекені, мәнді мәдениеттің ошағы, бірнеше білім ордасының оқушылары бас қосатын орта. Қызықты сәттердің ордасы, жаныңа жақын құрбы-дос тауып, еменжарқын араласып, әзілдесіп, өнер жарыстырып, одан қалды қызықты ойындармен кеш батыру – лагерьдегі жазғы демалыстың жарқын кезеңдері. Түрлі тентектіктің, еркеліктің, ісмерліктің, шеберліктің көрініс табатын, жастықтың лебі есетін лагерьде көптеген қызықтың да, шырғалаң шыжықтың да орын алатыны сіз бен бізге мәлім. Сондықтан да әр баланың қауіпсізігін басты назарда болуы маңызды.

Иа, оқу жылы аяқталып, балалар жазғы демалысқа шыққалы тынығу лагерінің жұмысы қыза түсті. Жергілікті жердегі «Талдысу» және «Тау самалы» тынығу жайлары балалардың қызықты каникулын қалыптастыру үшін түрлі іс-шаралар ұйымдастыруда. Жаз мезгіліндегі баланың бос уақытын тиімді мақсатқа бағыттауға арналған кешенді шаралар жөнінде жан- жақты білмекке аудандық білім бөлімінің әдіскері Әбдіқадір Тұрарға хабарласқан едік.

Биыл ауданда жазғы сауықтыру шараларымен 17791 баланы қамту жоспарланса, сыртқы лагерь, мектеп жанындағы лагерьлер, тарихи орындарға саяхат т.б. шараларға 17010 бала қатысып, қамтылуы 96 %-ды құрап отыр екен. Бұл туралы аудандық білім бөлімінің әдіскері Әбдіқадір Тұрар:

– «Жаңақорған ауданы білім беру ұйымдарында 2023 жылғы балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысы мен сауықтырылу шараларын ұйымдастыру» іс-шаралар жоспары бекітілген. Жоспарға сай жазғы маусымда кезең-кезеңімен тынығу лагерлеріне балалар демалатын болады, – деді.

Айта кетейік, оқушылардың жазғы демалысы үшін міндетті оқу қорынан 15 млн 986 мың теңге қаралып, «Тау самалы» және «Талдысу» лагерьлерде 536 бала тегін демалатын болады. Білім саласы қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті арқылы 50 пайыз жеңілдікпен 130 бала демалатын болады.

Маусым айының алғашқы онкүндігінде «Талдысу» және «Тау самалы» тынығу лагері, мектеп жанындағы күндізгі лагерьлер аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қорытындысы негізінде өз жұмысын бастады. Нақтырақ айтсақ, «Тау самалы» лагері 2 маусымнан бастап 80 -нен аса баланы қабылдады. Бұған қоса аталған лагерьдің тағы да 80 адамға арналған қосымша ғимараты осы айдың екінші онкүндігінен бастап іске қосылады деп жоспарлануда. Бұған дейін әр ауысымда 80-ге жуық бала қабылданып келсе, тынығушылар саны екі есеге дейін артатын болды. Бұл туралы «Тау самалы» лагерінің директоры Бағлан Момынханов:

– Алғашқы топты күтіп алып, жоспарға сай сауықтыру шараларымен қатар түрлі мәдени- ағартушылық іс-шаралар атқардық. Лагерьдің әрбір қызметкері қарым-қабілетімен заманауи үрдіске сай іскерлігін байқатты. Бұл ұжымның тәжірибесі толысқан, әрі креативті екенін ұқтым. Алдағы уақытта да осы бағытта жүйелі жұмыс атқаратын боламыз, – деді.

Тау бөктеріндегі «Талдысу» лагері де бірінші маусымның тынығушыларын қабылдады. Тұмса табиғат аясында орналасқан олимпиадалар және қосымша білім беру орталығына бұл жолы Шиелі, Қармақшы және Жалағаш ауданынан 285 бала келіпті. «Талдысу» лагері биылғы жазғы сауықтыру маусымына үлкен дайындықпен келіп отыр. Материалдық базасы жаңарып, техникалық қауіпсіздігі, санитарлық тазалығы ескерілген. Бүгінде лагерь аумағында балалар үшін 12 түрлі бағытта үйірме жұмыс жасайды. Алдағы
уақытта робототехника, IT жобалар және шет тілдерін меңгеруге қызығушылық танытқан балаларға арналып қосымша үйірмелер ашу көзделуде. Сондай-ақ, лагерьдің басты ерекшелігі – балалардың табиғи қорықтарға саяхаттап, экскурсия жасауына жан-жақты жағдай жасалған.

– Оқушылардың тамаша табиғат аясында тынығуы үшін жылдар бойы легерьдің айналасын әсем гүлзарлар мен жасыл желекке айналдырып келеміз. Біздің лагерь тау етегінде болғандықтан ауасы таза, ерекше табиғатқа бай. Сондықтан болар, жылына кем дегенде жеті маусым бойы демалушылар үзілген емес, – дейді облыстық олимпиадалар және қосымша білім беру орталығының директоры Елдос Жұмаділлаұлы. 

Орталықта баланың еркін тынығуына барлық жағдай жасалған. Жайлы жатын орыннан бастап, тамақтануы, демалысы, үйірмелер, мол қоры бар кітапхана, түрлі саяхаттық сапарлар, ауладағы аспанасты көрмелері әрбір оқушының танымдық көзін ашады, ерекше әсер сыйлайды. Бұл орайда, орталық директорының ұйымдастырушылық қабілеті, жақсы істерге баулу мақсатындағы ізденістері, іскерлік шеберлігі нәтижесін беріп келеді. Сондай-ақ, «Байкен-U», «СКЗ-U», «Қызылқұм» сияқты ірі кәсіпорындар мен басқа да кәсіпкерлер демеушілігі арқылы: Түркістан облысындағы «Машат», «Адем», «Біргөлек», Қызылорда қаласындағы «ORDA», «Саяхат» лагерьлерінде жалпы саны 1108 бала тынығады.

Жалпы ауданда білім беру ұйымдары бойынша лагерь жасындағы 9-14 жаста 11707 бала болса, оның 20 пайызы, яғни 2340-ы бюджет және ақылы сыртқы лагерьлермен қамтылып отыр. Мектеп жанындағы күндізгі лагерьлерде 1-4 сынып аралығында 1405 бала, сонымен қатар 5-10 сынып оқушылары арасынан 5445 бала, күндізгі сауықтыру шаралары және еңбек бригадасымен қамтылады;

Сондай-ақ Сығанақ қалашығы, Қорасан ата, Сунақата, Төлегетай-Қылышты ата, Ақтас, Айқожа, Қарасопы, Бақсайыс кесенелері, Көккесене сағанасы, Қатынқамал үңгірі сияқты аудандағы тарихи-мәдени танымдық маңызы бар тарихи орындарға, Түркістан облысындағы Арыстанбаб, Қожа Ахмет Яссауи, Гауһар ана кесенелеріне мамыр- маусым аралығында 3000 бала танымдық саяхатқа барады. Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрлігімен жазғы демалыс кезінде балалардың бос уақытын бірыңғай бағытта ұйымдастыру мақсатында әзірленетін тұжырымдамасын негізге алып, «Жайдарлы жаз» бағдарламасы шеңберінде аудандағы қосымша білім мекемелері жұмыс жасайтын болады. Әлшекей атындағы, Бесарық, Түгіскен балаларға арналған өнер мектебі және аудандық Оқушылар үйінде жазғы мезгілде «3D-модельдеу», «Робототехника» т.б 25 үйірме жұмыс жасап, онымен 720 бала қамтылады.

Расында,  оқу жылында оқушылар сапалы білім алуы үшін жақсы тынығуы тиіс. Яғни жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастырып, қосымша білім алуына, салауатты өмір салтын ұстануға жан-жақты жағдай жасау маңызды. Жалпы Сыр өңірінде 40-тан аса тынығу лагері болса, соның екеуі Жаңақорған ауданында. «Облыстық олимпиадаларға дайындау және қосымша білім беру» орталығы, яғни «Талдысу» және «Тау самалы» тынығу лагерінде биыл оқушылар демалады.

Бұл аудан оқушыларының 95 пайызын құрайды. Бұл туралы аудандық білімі бөлімінің инспекторы Мира Жандарбекова түсіндіріп берді.

– «Тау самалы» тынығу лагері мен мектеп жанындағы күндізгі лагерлер, Өзгент ауылында орналасқан «Өзгент» балалардың жазғы тынығу аймағы 1 маусымнан ашылды. «Тау самалы» лагеріне – 225, «Облыстық білім басқармасы Олимпиадалар және қосымша білім орталығына» (Талдысу) – 120, Түркістан облысындағы «Машат» лагеріне – 90, Қызылорда қаласындағы «New study» (Юстади) лагеріне – 107, Түркістан облысындағы «Балдаурен» лагеріне – 30 бала, «Біргөлек» лагеріне –20, Тараз қаласындағы «Саяхат» лагеріне – 101 оқушы барады. Мектеп жанындағы күндізгі лагерлерде 7000 бала сауықтыру шараларына қатысып, оның ішінде 900 балаға демеушілер көмегімен жеңіл тамақ берілді. Сондай-ақ, Сығанақ қалашығы, Хорасан ата, Сунақата, Төлегетай-Қылышты ата, Айқожа, Қарасопы, Бақсайыс кесенесі, Көккесене сағанасы, Қатынқамал үңгірі сияқты аудандағы тарихи - мәдени танымдық маңызы бар тарихи орындарға, Түркістан облысындағы Арыстан баб, Қожа Ахмет Ясауи, Гаухар ана кесенесіне мамыр-маусым аралығында 3000 тәлімгер танымдық саяхатқа барды, – деді ол.

Жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастырып, қосымша білім алуына, өлкенің тарихын білуге жағдай жасау маңызды. Осы бағытта атқарылатын жұмыстарды тиісті мекеме қызметкерлерінен білдік. Әуелі «Тау самалы» тынығу лагеріне хабарластық.

– Бүгін үшінші ауысымның алғашқы күні. Оған дейін екі ауысымды қабылдап, шығарып салдық. Жас шамасына қарай 76 бүлдіршін тынығып келеді. Біз балаларға керемет көңіл-күй сыйлауға дайынбыз. Спорттық жарыстар, мәдени-рухани іс-шараларды көптеп ұйымдастырып, оқушылардың белсенді демалыс өткізуіне жағдай жасаймыз. Олар бекітілген кестеге сәйкес күніне бес рет тамақтанады, – дейді «Тау самалы» тынығу лагерінің директоры Болат Шерімбетов.

Осы орайда, алғаш рет жазғы тынығу лагерінің табалдырығын аттағалы тұрған 7-сынып оқушысы Айгерім Сардарбек: «Алғашқы рет барғалы тұрған жазғы тынығу лагерінде демалысымды тиімді пайдалануға тырысамын. Көптеген достар тауып, спорттық, интеллектуалды, мәдени, танымдық бағытта танысқан достарыммен уақытты қызықты өткіземін деп ойлаймын», – деді. Жыл сайын келуді әдетке айналдырған балалар да аз емес. Өйткені, тынығу орталығы шынымен де балаларға жақсы көңіл күй сыйлап, ерекше серпіліп қайтатындарын тілге тиек етті.

– Мен мұнда бірнеше рет келгенмін. Биыл тағы да жолым түскеніне өте қуаныштымын. Лагерьдің ұнайтыны таза ауамен тыныстап, самал желмен серпіліп қайтамын. Әрі, жаңа достар тауып, ортам кеңейеді. Сондықтан, ұстаздарыма айтар алғысым шексіз, – деді Жазира Каримова. Балаға жасаған қамқорлық – келешекке салынған инвестиция. Сондықтан қоғам болып олардың осы бастан толыққанды демалып, жан-жақты тұлға болып қалыптасуына жағдай жасау – асыл міндет.

Жаңақорған ауданда «Жазғы мезгілде балалардың қауіпсіздігін сақтау және түрлі төтенше жағдайлардың алдын алу» тақырыбында тиісті сала мамандарының қатысуымен аудандық семинар өткізілді. Оған аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, аудандық полиция бөлімі ювеналды полиция бөлімшесі мамандары, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сыртқы және мектеп жанындағы ұйымдастырылатын лагерьге жауапты мамандар қатыстырылды.

Сондай-ақ, каникул кезінде балалардың бос уақытын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру бойынша аудандық білім беру ұйымдарының 9-10 сынып оқушыларынан 22 бала анықталып, олармен жұмыс беруші тарапынан тиісті еңбек шарттары жасалынды.

Мақпал Пәтенова

Фото: freepik.com

Тағы да оқыңыз: