Kyzylorda-news.kz Бүгін "AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалының төрағасы Еркін Рзалиев, партияның Байқоңыр филиалының атқарушы хатшысы Мақсат Есбенбетов, партия филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Сейл Жұмадьяров, Байқоңыр қалалық білім беруді дамыту секторының меңгерушісі Жадыра Алданова және партиялық бақылау комиссиясының мүшелері білім беру ұйымдарына мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Зерделеу жұмыстары барысында білім беру ұйымдарындағы ағымдағы жөндеу жұмыстарының сапасы, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі, оқу кабинеттерінің материалдық-техникалық жабдықталуы және оқушыларды қабылдауға әзірлік деңгейі жан-жақты сарапталды.
Сондай-ақ, оқу жылына дайындықтың белгіленген мерзімде және сапалы аяқталуының маңыздылығына, балалардың қауіпсіздігі мен оқу процесінің тиімді ұйымдастырылуын қамтамасыз ету үшін барлық талаптардың сақталуына назар аударылды.
"Өздеріңіз білесіздер кеше Мемлекет басышысының қатысуымен тамыз конференциясы өтті. Сонда Президент білім саласын қолдау мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала беретіндігін жеткізді. Ұздардардың қауіпсізді жөнінде арнайы тоқталып, "Ұстаз мәртебесі" туралы заңға өзгеріс енгізуі тапсырды. Сонда Президент айтқан саналы ұрпақ тәрбиелеу баршамызға ортақ іс. Міне, оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Сондықтан балалар еш кедергісіз білім алуына жауапкершілікпен қару керекпіз",- деді мониторинг барысында білім саласы өкілдеріне партияның Байқоңыр филиалының төрағасы Еркін Рзалиев.
Алдағы уақытта жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша Партиялық бақылау комиссия отырысының өткізілуі жоспарлануда.