Kyzylorda-news.kz Бүгін “ҚХП” Қызылорда облыстық филиалының өкілдері мен Қызылорда қалалық білім бөлімінің әдіскері Ақерке Мұратбаева Қызылорда қаласына қарасты Қызылжарма ауылдық округіндегі Сақтапберген Әлжіков атындағы N144 орта мектебінің директоры Жұмагүл Әбдіманапқызымен кездесіп, мектептің жаңа оқу жылына дайындығына партиялық бақылау жүргізді.
Аталған білім ордасы “100 аурухана 100 мектеп” бағдарламасы аясында 2009 жылы 1200 орындық болып ашылған. Жалпы мектеп 11 блоктан тұрады. Алайда баланың көптігінен бүгінде мектепте 2897 оқушы оқиды. Ал оның 270 оқушысы 1-сыныпқа қабылданса, 119 түлек 11-сыныпты бітіреді.
Бүгінде мектепте қауіпсіздік мәселесі толықтай шешілген. Айта кету керек, кадр тапшылығы жоқ. Соңғы үлгіде жабықталған білім ордасы жаңа оқу жылына оқушыларды қабылдауға толықтай дайын.