ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Мұрат Әбенов пен Мархабат Жайымбетов 1500 орындық жаңа «Келешек мектебіне» арнайы барып, оқу ордасының тыныс-тіршілігімен танысты.

2025 жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілген заманауи мектепке Мырзабек Дүйсенов атындағы №15 мектеп-лицейі толықтай көшірілді. Құрылысы толық аяқталған жаңа ғимарат барлық заманауи талаптарға сай жабдықталған.

Мектепте физика, химия, биология, математика, қазақ тілі, география пәндерінің арнайы зертханалары, STEM-зертхана, кітапхана, спорт және акт залдары, асхана, қауіпсіз ойын алаңдары бар.

Кездесу барысында халық қалаулылары мектеп оқушыларының тың жобаларымен танысып,  ұжымымен пікір алмасып, жас ұрпақтың сапалы білім алуына жасалған жағдайларға оң бағасын берді.

«Келешек мектебі» – оқушының тұлғалық дамуына бағытталған, жаңашыл білім мазмұнын іске асырып отырған заманауи білім ордасы.

FB_IMG_1767990175740.jpg

Тағы да оқыңыз: